Ресей бөлшектенсе не болады?

Тамыз 5, 2011

Егер Ресейді ұсақ республикаларға бөлшектеуге тырысып жүрген Америкалықтар мен еуропалық арнайы қызметтердің жоспары жүзеге асса кавказ түгелдей бөлектенеді де ежелден тарихи қазақ жері саналып келіп ресейге қалып қойған Астрахань обылысы, Орынбор Обылысы үшін Қазақ елінің иелік танытуына жақсы мүмкіндік туады. Алайда ол кезде Қазақ елінде жақсы қаруланған, жаттыққан,қуатты әскер болу керек. Үйткені бұл жерлер ресейдегі ұсақ республикалар тәуелсіздік алған жағдайда негізгі ресейден бөлектеніп қалады да мұндағы жерлерге жедел түрде бақылау орнату керек болады. Тарихта күтпеген оқиғалар өте көп орын алады. Мысалға кеңес одағының ыдырауын ешкім күтпеген, алайда айналасы 1 жылда совет одағы быт шыт болды. Сондықтан Қазақ елі үшін бәріне дайын, әскеріміз қамдаулы дайын отырған жөн болар еді.

Advertisements

Электромагнитті Импульсті Қорғаныс Әуе қорғанысының болашағы

Шілде 31, 2011

Маған тағы бір ой келді: егер жаудың әскери әуе күштерінен қорғану үшін тек зениттік қаруларға сүйенгенше сол аспанды толықтай жауып тұратын көзге көрінбейтін Импульсті Қорғаныс қабатын жасаса қалай болар еді? ол үшін импульс атқылайтын әлденеше энергия көздерін параллель түрде қарама қарсы орналастырып сосын нысана болуы мүмкін бағытқа төртбұрыш жасай атқыласа ауаға таралған ипмульсті энергияның таралуы нысананы 360 градустан қамтыған болар еді. Егер білсеңіз ипулыс таралған жерде барлық электрлі аппаратураның барлығы істен шығады әрі бұдан қорғану да мүмкін емес. Жоғары импулысті зонаға кірген жау ұшағы ешқандай атқылаусыз ақ істен шығады. Ал радарға көрінбейтін ұшақтар үшін жай ғана аумақты жауып тұратын ұялы телефон байланысын қолдануға болады. Бұл жүйе өте тығыз орналаса байланысқан сигналдар жабыны,егер ол бұзылса сол жер бірден анықталады, тіпті микро дәлдікке дейін. Одан әрі ол ұшақты радар, сосын ракета немесе ипульсті электромагнитті қаруға береді нәтижесі ұшақтың территорияға кіріп үлгермей құлауы болады.  Мұның бәрі тек Гипотеза ғана.

 


Аралды құтқару үшін Каспийден канал тартсақ

Шілде 31, 2011

Неге болмасқа? егер Каспииден аралға дейін канал тартсақ Арал теңізі жоғалтқан суын аз ақ уақытта толтырып алар еді ғой деймін де! әлде бұл ойым ертегіге ұқсай ма? ал бұл туралы халық не ойлайды екен?

 


Тірі металл туралы

Шілде 31, 2011

Айталық қазіргі адамзат технологиясының мүмкіндігі тірі металл жасауға жете ма? Тірі металл деген не ? Тірі металл клеткалардан тұрады, яғни адамның денесі сияқты. Егер бір жері бүлінсе аз уақыттан соң орны жазылады, ал кесірткенің геніндей құрамды болса бір бөлігі түсіп қалса қайтадан жаңасы өсіп шығады. Мысалға мұндай металл түрін қорғаныс саласына қолданса болар еді, ойлап қараңыз: Танктердің сыртын тірі металмен қаптаған, оқтар атылып танктің сыртқы қабатын тескілеп жатса да бүлінген жерлері аз уақыттан соң ақ орнына келер еді. Бұл Мүмкін! ал бейбіт өмірде бүлінбейтін автомобилдер, ескірмеитін құрылыстар мен басқа да металдан жасалатын заттардың үлкен бір буыны тұр. Бұл адамзат өміріндегі жаңаша құбылыс болар еді! ендігі генетиканың басты мақсаты металл мен биологиялық жаратылыстардың үйлесімділігін табу, сонда ешқандай қозғалтқышсыз ақ жүретін жартылай тірі машиналар өмірге келер еді……тағы басқа да ақыл жеткенге дейінгі қиялдар!

 


Жоспарды іске асыру қиын ба?

Мамыр 8, 2011

Менің ойымша бұрын қиын сияқты еді. менің әрбір ойлағанымды іске асыруым 99:1 болатын. Демек адам ойлаған жобаны іске асыруы үшін оны тек басында ғана сақтап жүрсе кейін ол ұмытылып қалатыны сөзссіз, алайда ұмытпай жоспарлы қимылдайтын адамдар да болар, бірақ ондай адамдар аз. Және олардың көбі қазір дәулетті адамдар. Мен осы мақсатпен өз ойлаған жоспарларымды іске асыру үшін оны қағазға жаза бастадым, ең қарапайымынан бастап. Жәй ғана күнделікті тірліктің өзін жаоспарлып жүру кейін келе одан да күрделі жоспарларды қиналмай іске асыруға көмегін тигізеді екен. Не туралы болмасын жоспарыңыз болмасын, ол іске асу үшін қағазға жазу қажет. Ойлаған ой визуалды күйден материалды күйге ауысса мақсатқа деген бірінші қадам жасалған болады. Мен нәтижесін көре бастадым. байқап көріңіз.


Дыбыс Драйвері Audio Driver неге керек?

Мамыр 7, 2011

Бұл драйвер тек кейбір компьютерлер үшін ғана қажет. Ол компьютерлердің С дискісін форматтаған соң болатын проблема немес байқамай өшіріп алғанда. Өзі көп орын да алмайды, оны орнату да көп қиыншылық емес. тек қолда болса болғаны, алайда көптеген комп пайдаланушылар осы мәселеге кез болып жатады, сосын ақша төлеп өзге біреудің көмегіне жүгінеді. Егер сізде компьютеріңіздің дыбысы аяқ астынан шықпай қалса, немесе оның С дискін форматтап, С дисктен байқамай дыбыстық системалық файлдарды өшіріп алсаңыз т.б жағдай болса онда аудио драйверді ауыстыру керек. Бірақ кейбір комп өндірушілер бұл проблеманы толық  шешкен. Қолыңызда дыбыстық драйвердің орнатушы бағдарламасы болмаса, онда сіздегі компьютерді жасаған компанияның сайтына кіріп, қолдау бөлімінен қажетті драйверді тегін көшіріп алуға болады, тек сол компьютердің дәл сол компанияның өнімі екенін растайтын кодын енгізу қажет, ол код компьютердің астынғы бөлігінде.


Қазақша диплом жазу немесе Универді қазақша оқып бітіру туралы

Мамыр 7, 2011

Қазақша диплом жұмысын жаузға бұрын соншалықты көңіл бөлмеген екенмін! нағыз қарбалас тірлік пен қиындық сонда жатыр екен ғой. Әуелгі қиындық қажетті әдебиеттерді таңдап алып, ашып қарастырғанда пайда болды, арғысы бұл әдебиеттерді университеттің әдістемелік нұсқаулығынан табасыз. қиыны сол, барлық әдебиеттер орысша әрі оның бәрін кім жазып отырады? әрине бәрін жазып отыратын адам аз болар, бірақ бар да шығар. Ендігі қиыншылық интерннеттен материал іздеу болды. Ары іздеп, бері іздеп GooGle-ге разы болдық, бірақ ренштісі сол Қазақша материалдар жоқтың қасы болса да GooGle шамасынша ұқсастарын іздеп бақты. Сосын амалдып жүріп интернет кітапханалардан іздеп бастадым, бірақ тапқан кітаптармыз PDF форматында болып  шықты.? енді бұл кітаптардың бетіндегі текстті белгілеп алып көшіруге келмейді екен. Бұл қалай деп ары-бері жағаласып ештеме шықпады. Сосын шешімді GooGleден іздедім,таптым. PDFXC Viewer дегенді іздеп таптым, тегін көшіріп алдым. Онда тура көз алдымда белгілеп, көішретін нұқауыш тұр. Осылай көптеген материалдарды көшірдім, енді бір 10 бет орысша материал менің әлі бір апта еңбегімді күтіп тұр. Ал диплом жазатын адамға ақылым, асықпай күніне 4-5 беттен тұрақты жазып отыру керек, жалпы тұрақты жұмыс жүрсе тез бітеді.