кеше Ресей Қырғызстанға ондағы ресей азаматтарын қорғау үшін саны 150 адаман тұратын десанттық бригаданы аттандырды.Олардың мақсаты өз елшілігі мен уақытша қырғыз жерінде жүрген орыстарды қорғау.Тек қана Ресей азаматы деген сөз жоқ,жалпы орыс деген мағына ғана ТМД аумағында Ресей үшін маңызды.Ұлты орыс болса болды,жеке ел ма,жоқ ба оған қарамайды.Грузия сияқты баса көктеп кіруге құштар,бұрын тізесін батырып үйреніп қалған ғой.
АҚШ еуропада ракетаға қарсы жүиені орнатудан неге бас тартты?
Қараша 30, 2009Пентагон басшысы Роберт Геитс былай мәлімдепті:”біз бұл раекеталық жүиені орналастыруды тоқтаттық,себебі оны орналастыру аса үлкен ақшаға түседі әрі осы салада жаңа технологияға,Иран атом құпиялары туралы жаңа информацияға қол жеткіздік.сондықтан еуропада,Польша мен Чехияға орнатылуға тиіс радарлар жобасы тоқтатылады”.осы мәлімдемеден соң Орыстар аспанға тымақтарын атқан болар.ал шын мәнінде Орыстар үшін кәдуілгідей ойландыратын сынақ болды.ал Нато-дағы Ресей өкілінің сөзінше жерде орналасқан РҚЖ(ракетаға қарсы жүйе) дан еуропаның жағалауларында тұрған АҚШ кемелері қауіпті әрі қажетіне қарай орын ауыстыра алады.тіпті қажет болса лезде Ресей жағалауына жете алады.сондықтан АҚШ-тың осы саладағы кез-келген қадамын өзіне қарсы бағытталған болашақ басқыншылық деп бағалайды,әрі қауіптенеді.қазір америкалықтар еуропада орналасуға тиіс РҚЖ ны кемелерге орнатты.негізі кемелерге орнатуының өзін қаржыны үнемдеу әрі жаңа лазерлік жүиенің іске қосылуымен түсіндіре отырып,бұл қадамға баруға Орыстардың еш ықпалы болмағанын дәлелдеп бағуда.Ал орыстар жағы кез-келген жағыдайда еуропаға РҚЖ орнату үшін оған Орыстардың араласыуы қажет деп санайды.сөз арасында АҚШ президенті -“біз РҚЖ құруда Ресейлік радарларды да қосуды,Ресеймен селбесе отырып жүзеге асыруымыз қажет” деп айтып қалды.ал шын мәнінде бұл мүмкін еместігін ескерсек АҚШ президенті мұны Орыстарды тыныштандыру үшін ғана айтты деп бағалауға болатын сыңайлы.осы сөзді естіген соң Д.Медведев бұл туралы келіссөздер жүргізу қажеттігін ашып айтты.бұл сөздер оған қатты ұнаған болар.әрі қуануға негіз де бар болатын.қазіргі Каспий маңындағы ресей территориясына АҚШ мамандары Орыстармен бірлесе отырып РҚЖ құраса Орыстар үшін де,АҚШ үшін де тиімді болар еді.Америкалықтар өз жүиесін орнатуға жіберген шығынды азайтар еді,ал Орыстар үшін АҚШ- тың әр қадамын анық бағуға,Каспий маңы арқылы өтетін еуропаға тартылған мұнай,газ құбарларына саяси әсер етуге тамаша мүмкіндік туар еді.ал Орыстардың қай уақыттан бері еуропаға қарсы жүргізіп отырған энергетикалық саясаты АҚШ тың көңілінен шықпайды әрі осы жағыдайдан шығу үшін жасалып жатқан қосымша энергетикалық жобаларға Орыстардаң кірігіп кетуіне әсте жол беруге болмайтынын пентагон жақсы түсініп отыр.негізі осы РҚЖ жүйесі басында қалай құрылған еді?төмендегі суреттен оның құрылымын анық көруге болады.
яғни сатылы жүйе бойынша орналасқандықтан,қарсылас жақ АҚШ жеріне өз зымыранын жеткізу үшін әлденеше тосқауылдан өтіп,Атлант мұхитының үстінен асып өтуі тиіс.енді жаңа лазерлік технологиямен жасақталған АҚШ әуе қорғанысы теңіздегі орналасатын THAAD
ракетаға қарсы ракеталық жүйесімен бірлесе отырып кез келген шабуылға қауқарлы болып отыр.онымен қоса,АҚШ тың еуропаға стратегиялық қару жарақтарды орналастырып қойып Орыстармен Грузия ойынын ойнауды жалғастыру ойы да болуы мүмкін.АҚШ бұл жобаны уақытша тоқтатқанмен,одақтас ретінде Польша мен Чехияны да назардан тыс қалдырмайтынын,болашақта-2020 жылдарға қарай еуропада РҚЖ ны толық орнатуға,АҚШ әскери базаларын бекемдеуге ұмтылатынын да жасырған жоқ.демек Орыстар үшін ерте қуануға да,босаңсыуға да жол жоқ деген сөз.ал Қазақстан үшін бұл ойындардың маңызы мен мәні қандай?Қазақстан осы жақында ғана ұжымдық келісім шарт ұйымына кіретін елдермен бірлесіп ауқымды әскери жаттығулар өткізді.мақсат біріге қимылдаудың үйлесімділігін жетілдіру,біріккен күштердің қймылын үйлестіру еді.мұнда Өзбекстан жағы кіріспеді әрі жалпы ұйым шартына өзіне сай,тиімді шарттармен енді.яғни өзбек жеріне басқыншылардан,террористерден қауіп төнген жағыдайда ғана қарулы күштерін араластыратын болды.өкінішке орай Қазақстан бұл шартқа Орыстардың арғы бергі ойын талдап жатпастан ақ бас салып кірді де кетті.егерде Орыстармен Грузия тарапы арасында тағы бір жанжал болсын,онда әскери одақтас ретінде Қазақ әскері еш қатысы жоқ Грузинге оқ атпақ.құдай сақтасын,нағыз мың шытырман ойын осында басталмақ.ар жақтан АҚШ мамандары Грузиндер үшін келеріне күмән жоқ.бәрін айтта бірін айт,бұл ұйым Орыс пен Қытай үшін ғана тиімді.екуі үшін де еуразияға АҚШ күштерінің нықтап орналасуы қауіпті.сондықтан саяси ықпалдары мен экономикалық артықшылықтарын пайдалана отырып өзгелерді осы қарсылық акциясына мәжүбірлі қатыстырмақ.шын мәнінде біздің ел үшін ТМД ның түкке қажеті жоқ,ол Орыстар үшін бұрынғы кеңестік кездегі орыс ықпалы мен мәдениетін,тілін сақтап қалу үшін қажет болып құрған ұйымы.сол ұйымның келісім шарттары арқасында Орыстар ТМД аумағында атасының төрінде жүргендей ойнақтап жүр.мысалға ТМД елдерінде визалық режим жоқ,өзгелерге бер.яғни олар бөтен.сонда баяғы бір кеңестік дәуір ықпалынан құтылатын уақыт келмеді ме?неге тек ТМД- да ғана еркін жүретін қазақ азаматтары еуропада солай жүре алмайды?сондай бір келісімге қол жеткізе алмайтындай Қазақстан үкіметі кімнен кем,кіммен жау еді?тек қана ТМД аумағында еркін экономика жасай алам деген не мақсат?әлде сол баяғыдай батыспен байланысты Орыстар арқылы тасымалдап,итшілеп күн кешпек пе?неге дамыған батыспен тікелей байланысқа түспеске?ағасынан именген бала сияқты қашанғы Орыстың қолбаласы болады Қазақтар?енді осы жерден ең басты ұғым пайда болады:Ұлттық сана.бұл санамыз толық бекуі үшін бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевтің шама шарқы жеткіліксіз.президент ұлт көшін дұрыс бастай білді,ұзақ мерзімді ұлттық даму мен жаңаруға да бағыт айқындап берді.бірақ табиғатынан кертартып өткен халықбыз,ұлықтың айтқанын ұлғайта айтып,түбірімен қопара қозғадық.кеңестік аурудан әлі айғар түріміз де жоқ.сөйтіп жүргенде әлемдік Геосаяси жағыдай жаңа бағытқа ойысты,жел бағыты өзгерді.енді замананы тез қуып жетпесек,сол қалғаннан мол қалып,қолымызда тек баяғдай мал қалмақ.біреудің қолы мен ықпалына қарап өмір сүрмей,өзіндік саяси бағыт бағдарымызды толық айқындай алатын қалге жетсек керек.бізге керегі қазақ жастарының-өзінің шынымен кім екенін,бар әлемен хабардар болып өскені қажет.
Posted by aelaman