2012-2020 жылдары: Соғыс әлде экономика

Мамыр 2, 2011

Ғаламшарда өмір сүріп жатқан адам саны үшін қажетті азық-түлік, энергоресурстар алдағы онжылдықта тіптен азая түспекші. осыған байланысты адамзат тарихындағы ең ауқымды әрі ең жылдам соғыстар орын алуы мүмкін. Бұл соғыстардың өтетін аймақтары: Ресейдің Шығыс-Сібір өлкесі, хабаровск мен Сахалин аралын Қытай мен Жапон әскері басып алуы мүмкін. Бұл соғыс болса Қытай әскері Орыстардың ескірген әскерін сөзсіз тас-талқан етеді. Ал мұндай қауіп Қазақстанға да төніп тұр. Біздің Оңтүстік аймақтарға қытайдың тарихшыларының таласы барын бәріміз білеміз әрі осы аймақтарда қытайға баратын мұнай құбырлары өтеді. алдағы уақыттарда осы мұнайға қатысты ши шықса Қытай жақтан бізге анық қауіп төнуі мүмкін. Ал біздің Әскеріміз Қытайдың бір дивизионына да қарсы тұра алатын халде емес, өз елімізде танк тұрғой жай атыс қаруын жа шығара алмаймыз. Әскерде тәртіп жоқ, күнде армияда асылып қалған сарбаздар туралы даулар ғана қаттырақ естіледі.


Ливия соғысы: АҚШ пен Қытайдың қақтығысы ма?

Мамыр 2, 2011

Ливия екі түйенің ортасында қалды. Екі түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі деген осы екен. Егер осыған дейін Қытайдың Ливиядағы энергоресурстар үшін өте көп инвестиция салғанын, осы елде 30000 қытайлық жұмысшының болғанын ескерсек, алғашқы НАТО бомбалауынан кейін ондағы барлық қытайлық инвестиция желге ұшты, осы өңірлердегі қытай экономикасы үшін ыңғайлы болған елдердеің барлығында билікке қарсы толқулар әлі күнге дейін жалғасуда. Осы толқулардың барлығын CIA – орталық барлау басқармасы ұйымдастырғанын анық аңғаруға болады. Енді АҚШ әлемнің Қытай үшін маңызды энергетикалық елдерде көтеріліс жасау, үкіметті ауыстыру және демократиялық көмек беру жолдарымен Қытайды ығыстыру және осы орындарды АҚШ компанияларына алып берумен айналысып отыр.


Шыңғыс не өсиет айтқан еді?

Қазан 21, 2010

Сонау 12-ғасырда Еуразияның төріндегі бүкіл киіз туырлықтылардың басын толық қосып,Айбынды Қытай империясын тас-талқан етіп,әлемде бұрын соңды болып көрмеген алып империя-Монғол Ордасын құрды.Сол ұлы Қаған Шыңғыс өлерінен бұрын ұрпақтарына қалдырған өсиеттерінің бірінде: әрбір моңғол таңертеңгілік ұйқыдан тұрып далаға шыққанда міндетті шығысқа қарасын,шығыста не барын есіне күн сайын алсын деген екен.Ондағы айтпақ ойын біз қазақ болсақ та, бүгінгі ұрпақ: шығысыңда алып айдаһар жатыр,күнде сол жақтан келер қауіп барын есіңе алып отыр дегені деп түсінеміз.Әрине,Шыңғыс жай адам емес еді,мұны тегіннен-тегін айтпағанын түсінуге тиіспіз.Ал қазіргі Қытай өркениеті бұл мәселені тек қазақтың әңгімесі екенін дәлелдеп отыр,көріп те бастадық.Кезінде алып ақ қорғанның ар жағына жасырынып күн кешкен Қытайлар бүгінде сол қорғанның бер жағына шығып,ежелгі түркілерге тиесілі тарихи жерлердің біраз бөлігін басып алған,енді ол жерлер мәңгілік қытайдың қолында қалмақ,оған куә қытай үкіметінің батысты игеру жоспарының нәтижелері куә.Тіпті таулы тибеттің өзіне темір жол торабын тартып,қандай бір төтенше жағдай бола қалса тез арада ішкі қытайдан қажетті әскер мен техниканы жеткізуді қамтамасыз етіп,әскери инфрақұрылымды табиғат жағдайының қандай екеніне де қарамастан дамыта түсуде.Бұл бірінші кезекте тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін алаңдайтын әрбір қазақ азаматын алаңдататын жағдай.Бүгінгі қазақ еліне шығыстан төнген қауіп біреу емес,бізге батыстан да төнген қауіп бар,бірақ батыспен қарым қатынас пен геосаяси жағдайымыз қытаймен салыстырғанда соншалықты ауқымды емес.Мен қытайдан келген қазақтардан естігенім: Қазіргі қытай тарихы сабағында ежелден қазақтарға тиесілі Алматы обылысының маңайын ертедегі айрылып қалған қытай жері деп оқытады екен.Бұл қазақ жеріне көзін тіккен қытайдың бір ғана саси идеологисы ғана емес,қазіргі қытайда орталық азия мен Қазақстанды арнайы зерттеитін арнайы ірі орталықтар бар көрінеді.Енді бұған Қазақтың барлық қара алтыны-мұнайының 30 пайыздан астамының қытайлық компнаияларының қолында екенін қоссақ болашақта тағы нені берерімізді кім біледі.Тіпті осы байлықтың қытайға кету жолын қорғай үшін қытайлар жықын болашақта қазақ билігінің ішкі істеріне араласу мүмкін.Сонымен қытайдың бүкіл әлемді әзірден ақ қорқытып жатқан қуаты жөнінде Америкалықтардың Пентагонға тапсырған мәлімдемесінен ақ көп нәрсені көруге болады.Америка Қытайды әскери қуатты арттыру үшін жұмсаған шығындарын жасырып отыр деп айыптап отыр,әрине Қытай не жасырғысы келсе де оны өзі білер,бірақ бұған Сэм ағайдың көңілі толар емес,мысалға Америка Қытайды өткен 2009 жылы ғана әскери қажеттіліктер үшін 150 миллиард доллар жұмсады десе Қытай бұған біз 70 миллиардқа жетер-жетпес жұмсадық деп отыр.Егер Пентагонға тапсырылған Қытай туралы барлау мәліметтерін саралау керек болса оны Пентагонның арнайы сайтынан табуға болады.Тіпті қытайдың Гуаншжоудағы бір ғана Армиясының қуаты бүкіл қазақ әскерінен 3 есе күшті.Ал соңғы жылдары Қытайдың әскери әуе күштерін дамыту,стратегиялық зымырандық әскері мен жаяу әскерді түгелге дерлік жаңа заманауи қару-жарақпен жарақтап үлгергенін ескерсек,қытайдан біз ғана емес,Айбынды орыс пен ақырған американың да қорқуға себебі барын көреміз.Сонда біздің әскер қытайға қалай да қарсы тұра алмайды десек қалай?қайтіп қорғанамыз деген сауал өздігінен туындайды ғой?Мұнда да шешілмеген,шешілуі тиіс мәселе жеткілікті.Бастысы бізде өз қару жарағымызды өндіретін мүмкіндік жоқтың қасы,әскердегі жеке құрамдардағы тәртіпті былай қойғанда қолымыздағы қарулардың ескіргені соншалық олардың толық атыларына кейде күмән ткады ғой,мысалға жаңа деп Израилден әкелген қарулар атып көргенде ақ істен шықса,танктеріміз  әлі күнге дейін 70-80 жылдардағы жабдықтармен тұр.Қазір Қазақстанда бір автоматты қару шығарыла ма? жоқ,оны жасауға,соған көңіл бөлетін министрлік те,соған басы ауырған үкімет те жоқ,бәрінің ойлағаны қалай мемлекет ақшасын қымқыру,қалай шет елге қашу жобасы.Күнде жемқор болып ұсталған үлкен шенеуніктер.Не болсада халайық,Шыңғыс хағанның айтқан өсиетін ұмытпайық,күнде таңертең тұрып шығысқа қарайық,енді бізбен бірге ол жаққа Орыстар да қарайтын болды.Құдай білер түбі не боларын.Жалпы бұл туралы қазақша аз жазылады,ал мен білгендерімді,естігендерімді әрі қарай да жазып отырармын.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.