
Кедендік одаққа енген Қазақстан экономикасының Ресей экономикасы тарабынан жасалатын қыспаққа төтеп беру қабілеті төмендеп кетуі мүмкін деп ескертеді талдаушылар. Бұл одаққа енген соң Қазақстан тәуелсіздігінің аясы біршама тарылды және болашақта одан әрмен тарыла түсуі ықтимал. АЛДА БҰДАН ДА ТЫҒЫЗ ОДАҚТАСУ ТҰР Қазақстан, Ресей мен Беларусь кедендік одақ аясында өз аумағында жалпыға ортақ кеден тарифін енгізді. Жақын болашақта осы мемлекеттер арасында бұдан да терең деңгейдегі одақ құру көзделген – яғни 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Кедендік одаққа бірігу туралы келіссөздер көп уақыт бойы жүргізіліп келді де осы жөніндегі шартқа қол қою нәтижесінде іс жүзіне асты. Ол келісім-шартқа өткен жылдың қараша айында Беларусь астанасы Минскіде үш мемлекет президентінің кездесуі барысында қол қойылған болатын. Мұндай бірігу жөніндегі шешім 2007 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (ЕврАзЭС) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында қабылданған еді. Қырғызстан мен Тәжікстан да бұл топқа мүше болып саналады. Қазақстан басшылығының айтуынша, аталған кедендік одаққа ену сауда айналымын өсіреді, инвестициялық ахуалды жақсартады әрі басқа да артықшылық әкелмек-мыс. Мұндай артықшылықтар, деп сендіреді ол басшылық өкілдері, кедендік одақ аясында жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы нәтижесінде пайда болмақ. Алайда, кейбір сарапшылар «Қазақстан бұл одақтан пайда түсіреді» деген Назарбаев командасы шенеуніктерінің оптимистік сөздеріне кереғар пікір білдіруде. Олар кедендік бөгетті алып тастау жергілікті нарыққа импорттық тауардың ағылып келіп, отандық өндірушілердің тұғырын әлсіретіп жіберуі мүмкін, деп отыр. Сонымен қатар, бұл құбылыс ақшаның құнсыздануын өршітуі ықтимал. БҰЛ ЖАҢАРТЫЛҒАН СОВЕТ ОДАҒЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ МА? «Мен Қазақстан кәсіпорындары ресейлік кәсіпкерлер тарабынан келетін бұрынғыдан да күшті қысымға төтеп беру үшін даярлық шараларын қолдануы керек деп ойлаймын, – дейді сарапшы Досым Сатпаев. – Ресейдің зор табиғи байлық қоры, оның салыстырмалы түрде айтқанда жақсы дамыған өнеркәсібі әрі бәсекелесуге қабілетті өнімдері келер үш не төрт жыл ішінде Қазақстан нарығында артықшылыққа ие болуы ықтимал». Сатпаевтың сөзіне қарағанда, көлемі ықшамырақ Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылығы өнімдері мен сүт өнімдері сапа, дизайн және маркетинг параметрі бойынша Ресей мен Беларустің осындай өнімдерінен артта қалады. «Бүгінгі күйіндегі әрі бұл түрдегі интеграция процестеріне біз даяр емеспіз», деп атап көрсетеді Сатпаев. Әлеуметтанушы маман Ғазиз Насыров та Досым Сатпаевтың пікіріне қосылып отыр. Насыровтың айтуынша, үш ел басшылары одақ құру әрекетін Еуропа одағынан үлгі алу ретінде көрсетпек болса да, шындығында мұндай салыстыру орынсыз. Себебі, бұрынғы совет республикалары экономикалық дамудың төменгі сатысында тұр. Осы себептен аталған одақ аясында одаққа мүше бай мемлекеттер одақтағы кедей елдерді қаржыландыруға қауқарсыз болып табылады. «Мен кедендік одақтың біздің елдерді гүлдендіруге алып келеріне күмәндімін, – дейді Насыров. – Еуропада ортақ одаққа бірігер алдында ондағы мемлекеттер ұзақ жылдар дербес дамып, экономикалық гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізді. Бұл ортақ құндылық салтанаты үшін Еуропа одағына мүше мемлекеттердің бір одаққа бірігу кезінде аталған елдер экономикасы дамуының әркелкілігін сәтті еңсеруді қамтамасыз етті». Сарапшы әрі журналист Эдуард Полетаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елінің ірірек әрі күштірек көршісі Ресей тәрізді мемлекетпен кедендік одақ жасасу туралы шешім қабылдауында белгілі астар бар дейді. Оның айтуынша, ол астар экономикалық мұратпен қатар, саяси мұратты да көздейді. «Бұл ең алдымен саяси іс-әрекет болып табылады», – деген пікір білдіреді ол. Совет Одағы күйреген 1991 жылдан бері Назарбаев табанды түрде Мәскеумен тығыз байланыс ұстап келеді. Полетаевтың сөзіне қарағанда, оның стратегиясы елдің солтүстігінде ұйысып қоныс тепкен орыстардың этникалық тобына ықпал етуді де көздейді. Яғни, Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстанда өз болашағы бар екенін орыстардың айқын сезінуі үшін, жан-дәрменімен қимылдап келеді. ТАБАНДЫ ТИРАНДАРДЫҢ ОДАҒЫ СӘТТІ БОЛА МА? Полетаевтың айтуынша, кедендік одақты құрудың бір оң нәтижесі болады. Ол нәтиже мәнісі мынадай: егер одақ құрылмаған жағдайда елден шетелге көшіп кетуге даяр адамдар, одақ құрылғаннан кейін ол райынан қайтады. Себебі, дейді ол, өмір сүру деңгейі одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара теңелуге бағыт алатын болады. Досым Сатпаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы советтік көрші елдермен байланысты нығайтуда ерекше белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етеді. Ал басқа аталған мемлекеттер басшылары мұндай қадамға баруға салқын қарап келеді. «Назарбаев өзін ТМД аясындағы интеграциялық процестің дем берушісімін деп санайды. Ол кедендік одаққа өз іс-әрекетінің нәтижесі деп қарап, оған өз баласындай көңіл бөліп отыр», – деген тұжырым жасайды сарапшы. Орталық Азияның ең бай әрі ең табысты экономикасын, яғни Қазақстанды өзінің ықпал ету әрі басым болу аумағына тарту Мәскеудің геосаяси мүддесіне сай болатыны өз-өзінен түсінікті нәрсе, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Қырғызстан 1998 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып енген болатын. Сонымен қатар, кедендік одаққа мүше боп ену де ол үшін бірқатар артықшылық бермек. Қазақстан мен Ресей бұл Орталық Азиядағы аумағы ықшам, халқының саны аз мемлекеттің басты сауда әріптесі және инвесторлары болып табылады. «Қырғызстан таяу уақытта кедендік одаққа қосылады. Ол одаққа одан кейін Тәжікстан да енбекші, – деп түсіндіреді Досым Сатпаев. – Сол кезде, Мәскеудің аймақтағы өзінің басым мәртебесін қалпына келтіріп жатқандығы жайлы сөздің жаны бар екендігі айқындалады». Ақпарат azatti.org сайтына тиесілі және рұқсатымен жарияланды.
Кедендік одақ арқылы Ресей өз гегемониясын қалпына келтіруге ұмтылуда
Сәуір 12, 2010қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:(
Наурыз 30, 2010
Тілім менің.Сенің жүрген жолыңды,сенің көрген теперішіңді өзгелер көрмесін.тағы бір халықтың тілі сенің басқыншылардан көргеніңді көрмесін.Бүгінде қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:
1). Қазақ елі егемендік алғаннан бері он миллион қазақ бірігіп Петропавл мен Павлодарға қазақша ат тауып қоя алмады! бұл бір сорақылық!
2).Тәуелсіздікке 20-жыл болсада әлі күнге дейін Қазақстанның көптеген аймақтары мен астанасында қазақ тарихына,қазақ халқына қатысы жоқ орысша атаулардан көз ажырамайды.қайда қарасаң да өзге бір елдің батыры мен басшысының,кейде атышулы қанішерлердің атауымен аталған көшелерді көріп құлазып кетесің.
3).Бүгінгі күні елімізде 260-телерадио компаниялары хабар таратады,солардың 80-пайызы қазақ тілін пайдаланбайды немесе селсоқ қарайды.Ал телевизя күшті қару,ақпарттық қарулардың ішіндегі ең бір ұтымдысы осы.Егер таза қазақша көрсететін теледидарлар қатарын онға жеткізсек қазақ тілі үшін жаңа бір тыныс ашылғандай болар еді.
4).Қазіргі кезде қазақ елінде 1400-ге жуық балабақша істейді,солардың 400-дейі ғана қазақ тіліндегі балабақшалар.Өзіңіз бағамдай беріңіз,егер осыншама бала орыс тілінеде тәрбиеленсе,болашақта кім қазақ тілінде сөйлемек?әрине бұл бірден баласын қазақ болудан қорғап жүрген ата-аналарға қатысты.
5). Елдің санасын оятуда, ұлттық рухты көтеруде баспасөздің ерекше маңызға ие екендігі белгілі.Алайда бүгінде қазақ баспасөзі толықтай кемтарланған!жұрттың бәрі дерлік орыс тілді баспаларды оқып,тапсырыс береді.Ресейде шыққан қандай мағына ұстанған баспасөз болсада қазақстанға емін еркін таратылуға мүмкіндік бар.Тіпті арасында жастарды азғыратыны,тек орыстар ғана ұлы халық екенін дәлелдеитіндері де жетіп жатыр.Ал оларға қарап баға беріп,бақылап отырған қазақ жоқ.
Дипломмен ауылға немесе қазақты қаладан аластау
Ақпан 24, 2010Осы жылы Нұр-Отан партиясының Жас-Отан жастар қанатымен бірлесе отырып Дипломмен ауылға деген жобаны бастады.Бір қарағанда ақылды шешім сияқты,қазақ халқының негізі ауылдан шыққан әрі сол алтын мекен саналған ауылда халықтың көп бөлігі тұрады.шамамен 60 пайыз халық әлі күнге ауылда тұрады.Енді анықтап ойланып көрген адамға бір нәрсе анық болады: ау қазақ халқы қаншама ғасыр ауылда,көшпелі тірлікте жүріп отырықшы халықтардың өркениеті мен ғылым білімінен кейін қалып ақыр аяғы қолымыздағы найза мен шоқпармен мылтық ұстаған Орысқа қарсы тұра алмай қырғынға ұшырап,сол ғылым мен білімнің жоқтығынан осы 1990 дейін бұратана халық саналып,империяның қол астында 300-жыл езіліп келдік емес пе?1932-1938 жылдардағы аштықтан қырылып қалған 4 миллион қазақты қалай ғана жайдан жай жоқ болып кетті деп айта аламыз?Ал қазір Одақ кезінде мектеп бітірген қазақ жастарын үш жыл бойына мал бағуға жіберіп,содан кейін ғана жоғары оқу орнына түсуге рұқсат етілгенін осы күнгі орта буын өкілдері жақсы біледі.Мұндағы қитұрқы саясат қазақ халқын қалалық өңірлерге,ғылым мен білімге жолатпаудың жолы.Қала-өркениет пен ғылым ортасы,мұнда барлық ғаламдық тәжірибелер табысады,тәжірибелер алмасылып,ғылым мен білімге кең мүмкіндік қалыптасады.Сол одақтан қалған кертартпа ойды қазаққа қайтара таңудың кімге қажеті болды? жаңа ғана диплом алып білім шыңына ептеп аяқ басқан жастар ауылға барған соң қайтадан тұйықталып қалатынын жақсы білетін әлдекімдер қалай да болсын қазақ ұлтын аздыруға шындап бекінген! Қазақстан территориясының жер жүзіндегі үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатынын ескерсек осыншама аумақты заманауй коммуникациямен жабдықтау деген қазіргі жағыдай үшін тек күлкілі әңгіме ғана!Есептеп көрсек интернеттен тартып телефония,газ,жарық,жол осының бәрін бүкіл республика аумағына алдағы бір ғасырда толық тарту мүмкін емес!ал мұндай жағыдай жасалмаған жерде қандай білімді адам болсын кәдуілгі мәңгүртке айналады.Керісінше қазақ ақаланы басып алуы керек,Қазақстан қалаларында 90 пайыз қазақтар тұруы тиіс!бұл стратегиялық жағынан да,ұлттық қауіпсіздік жағынан да өте қажет нәрсе.Жай ғана қарасақ қалалық жердің тұрғындарының көбін орыстар құрайды,қалған ұсақ ұлттарды айтпағанда.Ал қазақ мемлекеттігінің негізін сақтау үшін қалада қазақтардың көп тұруы ешқандай даусыз жағыдай.Егер қалада қазақтар тұрмаса ғылым мен білімге,ұлттық бизнеске кім үлес қоспақ?Қалаларды кім басқарады? Орыстар ма? Ал оларды көрдік қой, В.Храпунов қазақтың бар байлығын алып Щвейцарияға қашып кетті де қалды,ал саған күйеу бала керек болса.Ол енді піл сүйегімен қапталған үйде тұрады.Оның артынан іздеген жан болды ма?ойбүй дедік де қойдық.Бұл жерде үкімет бүйтіп ақталады:Қалаға келген жастар лайық жұмыс таба алмай қылмысқа барады,тұрғын үйге жастар қол жеткізу қыйын….айта берсек тізіле беретін көп мәселелер.шын мәнінде адамзаттың қол жеткізген жаңалықтарының барлығы осылай тұрмыстан қыйындық көрген жастардың қолымен жасалған.Мысалға Билл Гейтс,Пепси Кола,Генри Форд сияқтыларға ешкім жақсы жұмыс пен жайлы пәтер бермеген,бірақ олар қолды бір сілтеп ауыл шаруашылығына кетіп қалған жоқ қой,олар керісінше әлемдегі ең бай адамдарға айналды.Егер шашырап жатқан қазақ халқы қалаларға жиналып,ешбір жобасыз орналасқан ауылдардың саны азайса оларға бола шығындалатын қаржы қаражат та азаяар еді, тек қалаға жақын орналасқан ауылдарға шоғырлану болады да ондай ауылды мекендерді тұрмыстық қажеттіліктермен қаматамасыз ету қыйынға түспес еді.Ауыл шаруашылығанда тек ірі шаруашылықтар ғана қалып немесе ірі кооперативтерге бірігер еді.Олар ендігі жерден мемлекеттен көмек те сұрамас еді,өйткені жеке компаниялар өз қаржылық жағыдайын өздері шешіп алар еді.Ал Дипломмен ауылға деп ұрандаған Нұр Отандықтар қазақ халқының алдында ғасыр қылымысын жасап жатқандарын өздері білеме әлде білмей ме?Олардың осылай әйшүйге қарамай желігуіне кім арқау болып отыр?Мүмкін Ресейден астыртын бұйрық алатын шөңгелер шығар?Тұтастай бір буынды мәңгүртке айналдыру қылмысы бұл!
Капит алитсік реализм
Қараша 22, 2009Мен күн сайын сабақтан қайтқанда автобустың терезесіне жақын орынға жайғасып отырып,сыртқы көріністі,көшені бақылап отырып үйге жетем.жолда талай жанды жейтін дүниелерді көресің.тек үйге жеткенше әлденеше рет екі аяғы жоқ қайыр сұрап отырған кемтарларды көріп ішіңнен жаратқанға рахмет айтып,тәубе дейсің, бұл күніңе разы боласың.қазір қазақстанда капитализм.қазақта капитализм болып па еді?әркімге әр қалай,бірақ мұндай сорақы капитализм болған емес.қолын жайып қайр сұрап отырған жасы сексенді алқымдаған кәрі апалар мен олармен қатарласа отырған цығандарды көргенде ішің ашымақ тұр ғой,заманаға қаның қайнап кетеді.қазақ қазақ болғаннан бері құдайдың берген қаншама асыл қасиетін жоғалтқанын осылай базар алдынан өтіп бара жатып ақ анық көруге болады.қолына ала дорба ұстап көше кезіп шөлмек терген қазақтар,күнделікті ақшаға жұмыс істейтіндер тұратын орындағы тұратындар да тек қазақтар.арасында не бір орыс болса не дерсің?құл базарда тек қазақтың жігіттері.ал мына бір жерде кішкентай арбасын сүйреткен бір жас қазақ қыз ұсақ-түйек сатып тұр.суық күннен дір-дір етіп айналасына үміттене қарап тұрғаны.
Енді ең бір сұмдығы анау жерде:жасы бір сегіз-тоғыз шамасындағы жас қазақ баласының алдына кішкентай салмақ өлшегіш аппаратты қойып,жүресінен отырып дауыстап айқайлап отырғанын көресің.маңайында үйіліп жатқан қоқыстар.ал оның қасында заманауи Пираттар жайғасқан.ол да қазақ,үстінде қытайдың арзанқол сырткиімі,жасы шамамен 17 шамасында.қолын демімен үрлеп жылтып,заңсыз бизнесін жарқырата айқайлап тұрса оның жанында шымқанып оранып алған тәртіп сақшысы.қазіргі тілмен Суперсақшы немесе Универсалсақшы.не үшін тұр,қандай мақсатпен ол жағы мен үшін де,ол үшін де белгісіз тәрізді.қасындағы болып жатқандарға жай бір қөзқараспен қарап тұр,арасында сатылып жатқан заңсыз дискілерді алып көріп,сыртқы жапсырмасын тамашалап қояды.күлесің ба,жылайсың ба?ойлап ой түйген,елдің жанын түсінген адам үшін жылайтын жағыдай.ал мен күн сайын сол жерден өтем.күнде бір ой,қашан бір осы орында осыдан басқа жайқалған бақ немесе таза бір демалыс орнын көрем деп.ал мен үйге келіп телеарналарға үңілгенде ұлттық телеарнадан- ”Дамыған қазақстан,алдыңғы елу елдің қатарына кіру деген“сияқты кеңестік одақтан қалған құрғақ ұрандарды енжарлана отырып көресің.дамысаң мына көріністі жоққа шығара аласың ба?мына күйімізбен әлемнің алдыңғы қатарлы елу елінің қатарына қалай кірмекпіз?
Менікі жазып қою ғана қазір.
ішуден орыстардан асып кеттік!
Қараша 22, 2009Қазір елімізде ең жас маскүнем 14 жаста.ел бойынша ішімдікке салынғандардың үлесі жалпы тұрғындардың санына шаққанда 35,5 пайызға жеткен.маскүнемдік әсіресе 21-29 жас аралығындағыларда дендеп барады.Алькоголді ішімдік ішуден қазақстан халқы әлем бойынша 8 орынға ие болыпты.мұны халықаралық зерттеу жүргізген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған.
Posted by aelaman 