қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:(

Наурыз 30, 2010

Тілім менің.Сенің жүрген жолыңды,сенің көрген теперішіңді өзгелер көрмесін.тағы бір халықтың тілі сенің басқыншылардан көргеніңді көрмесін.Бүгінде қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:

1). Қазақ елі егемендік алғаннан бері он миллион қазақ бірігіп Петропавл мен Павлодарға қазақша ат тауып қоя алмады! бұл бір сорақылық!

2).Тәуелсіздікке 20-жыл болсада әлі күнге дейін Қазақстанның көптеген аймақтары мен астанасында қазақ тарихына,қазақ халқына қатысы жоқ орысша атаулардан көз ажырамайды.қайда қарасаң да өзге бір елдің батыры мен басшысының,кейде атышулы қанішерлердің атауымен аталған көшелерді көріп құлазып кетесің.

3).Бүгінгі күні елімізде 260-телерадио компаниялары хабар таратады,солардың  80-пайызы  қазақ тілін пайдаланбайды немесе селсоқ қарайды.Ал телевизя күшті қару,ақпарттық қарулардың ішіндегі ең бір ұтымдысы осы.Егер таза қазақша көрсететін теледидарлар қатарын онға жеткізсек қазақ тілі үшін жаңа  бір тыныс ашылғандай болар еді.

4).Қазіргі кезде қазақ елінде 1400-ге жуық балабақша істейді,солардың 400-дейі ғана қазақ тіліндегі балабақшалар.Өзіңіз бағамдай беріңіз,егер осыншама бала орыс тілінеде тәрбиеленсе,болашақта кім қазақ тілінде сөйлемек?әрине бұл бірден баласын қазақ болудан қорғап жүрген ата-аналарға қатысты.

5). Елдің санасын оятуда, ұлттық рухты көтеруде баспасөздің ерекше маңызға ие екендігі белгілі.Алайда бүгінде қазақ баспасөзі толықтай кемтарланған!жұрттың бәрі дерлік орыс тілді баспаларды оқып,тапсырыс береді.Ресейде шыққан қандай мағына ұстанған баспасөз болсада қазақстанға емін еркін таратылуға мүмкіндік бар.Тіпті арасында жастарды азғыратыны,тек орыстар ғана ұлы халық екенін дәлелдеитіндері де жетіп жатыр.Ал оларға қарап баға беріп,бақылап отырған қазақ жоқ.


Сытник деген қатырды,билікті терең ойға батырды

Қараша 30, 2009

Михаил Сытник деген біреу regnum.ru ақпарат сайтында “ орыс тілінің пырағы және қазақ өрениетінің өгіз арбасы”деген мақала жариялапты да оған әдетте қазақ тілі десе мыңқ етпей жата беретін биліктегілер өре тұрып қарсы шығыпты.жарайсың,қазақтың ұйқысын одан әрі шайдай етіп аша бер деиміз де.қазақ айтқанда тыңдамай жатып алып енді келіп бір орыс мақала жазып еді орнынан ғарыштық жылдамдықпен атып тұрып жатыр,мәссаған!!!орнынан тұрғандардың арасында президенттің кеңесшісі Ермұхамбет Ертіспаев та бар екен.енді осы бір үлкен адамның қолынан не келер екен соны бақылайық,Контратака жасай ала ма?әзірге үрит- үрит, соқ-соқ деиміз.


Үкімет тіл туралы заң талаптарын бұзып отыр

Қазан 12, 2009

Бекболат ТілеуханҮкімет тіл туралы заң талаптарын бұзып отыр. Қазақстанда мемлекеттік тілді білгенімен, ресми тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметке өте алмайды екен. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан осындай бірнеше деректерді келтіріп, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, тіл туралы заң талаптарының бұзылуына не себеп екендігін сұрады. Және мемлекеттік тілдің дамуына бөлініп жатқан қыруар қаржыныны, тіл дамымай жатқан мекемелерден бюджетке кері қайтару керек деді. Бекболат Тілеуханды әріптестері бірауыздан қолдады.«Тіл туралы» заңның қабылданғанына 20 жыл өтсе де, әлі күнге дейінҮкімет пен Парламент мемлекеттік тіл аясындағы проблемаларды шеше алмай отыр. Алайда екі мекеме ғимаратының ара қашықты бірнеше метрді ғана құрайды.Тіпті жарты жыл бұрын отырысты қазақша өткізе бастаған Үкімет, соңғы кездері оны ұмыта бастаған сыңайлы. Ал министрліктер болса мемлекеттік тілде сөйлей алмай жатыр.Бұл депутаттың келтірген бір ғана мысалы емес. Ол әуе компанияларындағы, білім саласындағы проблемаларды, министрліктердегі мемлекеттік тілдің қолдану аясының төмен екендігін тізбектеп берді. Тілеуханның жанайқайын мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.Ал кейбір ресми тілге жақын депутаттар мен министрлер Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрап алып сөйлеп жатты.Депутат  Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен мәртебесі Ата заңмен бекітілген мемлекеттік тілді дамыту қатаң бақылауға алуды сұрады. бірақ қазақша сөйлеп өтінген депутаттың дауысын кім естір екен енді?кейін құлағым бітеліп қалыпты болап жүрмесе!баяғы Кәрім Мәсімовтың блогы сияқты басында жұмыс істеп кейін тоқтап қалады мыс.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.