Путин совет одағының тарауын ең бір үлкен қасірет деп атағанын білеміз,ал қазіргі болып жатқан жағдайларға қарап осы Путин бұрынғы одақты қайта тірілтуге ұмтылып жүр ау деп ойлауға болатын сияқты,ал сол одаққа бірінші болып Белоруссия кірер.Екінші кім?
Кедендік одақ арқылы Ресей өз гегемониясын қалпына келтіруге ұмтылуда
Сәуір 12, 2010
Кедендік одаққа енген Қазақстан экономикасының Ресей экономикасы тарабынан жасалатын қыспаққа төтеп беру қабілеті төмендеп кетуі мүмкін деп ескертеді талдаушылар. Бұл одаққа енген соң Қазақстан тәуелсіздігінің аясы біршама тарылды және болашақта одан әрмен тарыла түсуі ықтимал. АЛДА БҰДАН ДА ТЫҒЫЗ ОДАҚТАСУ ТҰР Қазақстан, Ресей мен Беларусь кедендік одақ аясында өз аумағында жалпыға ортақ кеден тарифін енгізді. Жақын болашақта осы мемлекеттер арасында бұдан да терең деңгейдегі одақ құру көзделген – яғни 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Кедендік одаққа бірігу туралы келіссөздер көп уақыт бойы жүргізіліп келді де осы жөніндегі шартқа қол қою нәтижесінде іс жүзіне асты. Ол келісім-шартқа өткен жылдың қараша айында Беларусь астанасы Минскіде үш мемлекет президентінің кездесуі барысында қол қойылған болатын. Мұндай бірігу жөніндегі шешім 2007 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (ЕврАзЭС) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында қабылданған еді. Қырғызстан мен Тәжікстан да бұл топқа мүше болып саналады. Қазақстан басшылығының айтуынша, аталған кедендік одаққа ену сауда айналымын өсіреді, инвестициялық ахуалды жақсартады әрі басқа да артықшылық әкелмек-мыс. Мұндай артықшылықтар, деп сендіреді ол басшылық өкілдері, кедендік одақ аясында жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы нәтижесінде пайда болмақ. Алайда, кейбір сарапшылар «Қазақстан бұл одақтан пайда түсіреді» деген Назарбаев командасы шенеуніктерінің оптимистік сөздеріне кереғар пікір білдіруде. Олар кедендік бөгетті алып тастау жергілікті нарыққа импорттық тауардың ағылып келіп, отандық өндірушілердің тұғырын әлсіретіп жіберуі мүмкін, деп отыр. Сонымен қатар, бұл құбылыс ақшаның құнсыздануын өршітуі ықтимал. БҰЛ ЖАҢАРТЫЛҒАН СОВЕТ ОДАҒЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ МА? «Мен Қазақстан кәсіпорындары ресейлік кәсіпкерлер тарабынан келетін бұрынғыдан да күшті қысымға төтеп беру үшін даярлық шараларын қолдануы керек деп ойлаймын, – дейді сарапшы Досым Сатпаев. – Ресейдің зор табиғи байлық қоры, оның салыстырмалы түрде айтқанда жақсы дамыған өнеркәсібі әрі бәсекелесуге қабілетті өнімдері келер үш не төрт жыл ішінде Қазақстан нарығында артықшылыққа ие болуы ықтимал». Сатпаевтың сөзіне қарағанда, көлемі ықшамырақ Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылығы өнімдері мен сүт өнімдері сапа, дизайн және маркетинг параметрі бойынша Ресей мен Беларустің осындай өнімдерінен артта қалады. «Бүгінгі күйіндегі әрі бұл түрдегі интеграция процестеріне біз даяр емеспіз», деп атап көрсетеді Сатпаев. Әлеуметтанушы маман Ғазиз Насыров та Досым Сатпаевтың пікіріне қосылып отыр. Насыровтың айтуынша, үш ел басшылары одақ құру әрекетін Еуропа одағынан үлгі алу ретінде көрсетпек болса да, шындығында мұндай салыстыру орынсыз. Себебі, бұрынғы совет республикалары экономикалық дамудың төменгі сатысында тұр. Осы себептен аталған одақ аясында одаққа мүше бай мемлекеттер одақтағы кедей елдерді қаржыландыруға қауқарсыз болып табылады. «Мен кедендік одақтың біздің елдерді гүлдендіруге алып келеріне күмәндімін, – дейді Насыров. – Еуропада ортақ одаққа бірігер алдында ондағы мемлекеттер ұзақ жылдар дербес дамып, экономикалық гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізді. Бұл ортақ құндылық салтанаты үшін Еуропа одағына мүше мемлекеттердің бір одаққа бірігу кезінде аталған елдер экономикасы дамуының әркелкілігін сәтті еңсеруді қамтамасыз етті». Сарапшы әрі журналист Эдуард Полетаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елінің ірірек әрі күштірек көршісі Ресей тәрізді мемлекетпен кедендік одақ жасасу туралы шешім қабылдауында белгілі астар бар дейді. Оның айтуынша, ол астар экономикалық мұратпен қатар, саяси мұратты да көздейді. «Бұл ең алдымен саяси іс-әрекет болып табылады», – деген пікір білдіреді ол. Совет Одағы күйреген 1991 жылдан бері Назарбаев табанды түрде Мәскеумен тығыз байланыс ұстап келеді. Полетаевтың сөзіне қарағанда, оның стратегиясы елдің солтүстігінде ұйысып қоныс тепкен орыстардың этникалық тобына ықпал етуді де көздейді. Яғни, Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстанда өз болашағы бар екенін орыстардың айқын сезінуі үшін, жан-дәрменімен қимылдап келеді. ТАБАНДЫ ТИРАНДАРДЫҢ ОДАҒЫ СӘТТІ БОЛА МА? Полетаевтың айтуынша, кедендік одақты құрудың бір оң нәтижесі болады. Ол нәтиже мәнісі мынадай: егер одақ құрылмаған жағдайда елден шетелге көшіп кетуге даяр адамдар, одақ құрылғаннан кейін ол райынан қайтады. Себебі, дейді ол, өмір сүру деңгейі одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара теңелуге бағыт алатын болады. Досым Сатпаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы советтік көрші елдермен байланысты нығайтуда ерекше белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етеді. Ал басқа аталған мемлекеттер басшылары мұндай қадамға баруға салқын қарап келеді. «Назарбаев өзін ТМД аясындағы интеграциялық процестің дем берушісімін деп санайды. Ол кедендік одаққа өз іс-әрекетінің нәтижесі деп қарап, оған өз баласындай көңіл бөліп отыр», – деген тұжырым жасайды сарапшы. Орталық Азияның ең бай әрі ең табысты экономикасын, яғни Қазақстанды өзінің ықпал ету әрі басым болу аумағына тарту Мәскеудің геосаяси мүддесіне сай болатыны өз-өзінен түсінікті нәрсе, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Қырғызстан 1998 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып енген болатын. Сонымен қатар, кедендік одаққа мүше боп ену де ол үшін бірқатар артықшылық бермек. Қазақстан мен Ресей бұл Орталық Азиядағы аумағы ықшам, халқының саны аз мемлекеттің басты сауда әріптесі және инвесторлары болып табылады. «Қырғызстан таяу уақытта кедендік одаққа қосылады. Ол одаққа одан кейін Тәжікстан да енбекші, – деп түсіндіреді Досым Сатпаев. – Сол кезде, Мәскеудің аймақтағы өзінің басым мәртебесін қалпына келтіріп жатқандығы жайлы сөздің жаны бар екендігі айқындалады». Ақпарат azatti.org сайтына тиесілі және рұқсатымен жарияланды.
Коммунизм дәуіріндегі қазақ тарихы қайта қаралуы керек.
Наурыз 30, 2010Мұнда айтпағым коммунизм дәуірінде дүркіреп тұрып дамыған асыра сілтеушілік.Ол кезде мысалға 200 қойдан 450 қозы алған жағдайлар болыпты!.Әрине,қандай технологияны пайдалансаң да бұл мүмкін емес.Ал сол дүрмектің бәріне бастау болған Стахановшылар қозғалысы да сол Стахановтың шахтадағы атқарған жұмысына ондаған адамның атқарғанын,оның сол атақтан кейін қайтара шахтаға кері оралмағанын,тек ел кезіп түрлі өрекпіген жйындар өткізгені туралы жақында ғана ресейлік ақпарат көздері ашық айтып өтті.Тіпті анау екінші соғыста да Ключковтың: Артымызда москва-шегінерге жол жоқ деген сөзінің өзі сол Ключковтың аузымен айтылмапты.Ондай сөздерді дайындайтын арнаулы мемлекеттік ұйым жұмыс істеген екен.Ал қазақстан тарихын жазатын ғалымдар(оларда коммунис болған) мұндай коммунистік батырларды дәріптеп жазудан әлі аса алмай жүр.Шындықты шырқыратып,жалпы қазақ тарихының жазылатын уақыты қашан?.
қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:(
Наурыз 30, 2010
Тілім менің.Сенің жүрген жолыңды,сенің көрген теперішіңді өзгелер көрмесін.тағы бір халықтың тілі сенің басқыншылардан көргеніңді көрмесін.Бүгінде қазақ тілінің қолданылуы мен оның қазіргі жағыдайы мынау:
1). Қазақ елі егемендік алғаннан бері он миллион қазақ бірігіп Петропавл мен Павлодарға қазақша ат тауып қоя алмады! бұл бір сорақылық!
2).Тәуелсіздікке 20-жыл болсада әлі күнге дейін Қазақстанның көптеген аймақтары мен астанасында қазақ тарихына,қазақ халқына қатысы жоқ орысша атаулардан көз ажырамайды.қайда қарасаң да өзге бір елдің батыры мен басшысының,кейде атышулы қанішерлердің атауымен аталған көшелерді көріп құлазып кетесің.
3).Бүгінгі күні елімізде 260-телерадио компаниялары хабар таратады,солардың 80-пайызы қазақ тілін пайдаланбайды немесе селсоқ қарайды.Ал телевизя күшті қару,ақпарттық қарулардың ішіндегі ең бір ұтымдысы осы.Егер таза қазақша көрсететін теледидарлар қатарын онға жеткізсек қазақ тілі үшін жаңа бір тыныс ашылғандай болар еді.
4).Қазіргі кезде қазақ елінде 1400-ге жуық балабақша істейді,солардың 400-дейі ғана қазақ тіліндегі балабақшалар.Өзіңіз бағамдай беріңіз,егер осыншама бала орыс тілінеде тәрбиеленсе,болашақта кім қазақ тілінде сөйлемек?әрине бұл бірден баласын қазақ болудан қорғап жүрген ата-аналарға қатысты.
5). Елдің санасын оятуда, ұлттық рухты көтеруде баспасөздің ерекше маңызға ие екендігі белгілі.Алайда бүгінде қазақ баспасөзі толықтай кемтарланған!жұрттың бәрі дерлік орыс тілді баспаларды оқып,тапсырыс береді.Ресейде шыққан қандай мағына ұстанған баспасөз болсада қазақстанға емін еркін таратылуға мүмкіндік бар.Тіпті арасында жастарды азғыратыны,тек орыстар ғана ұлы халық екенін дәлелдеитіндері де жетіп жатыр.Ал оларға қарап баға беріп,бақылап отырған қазақ жоқ.
Есірткімен күрес шын жүргізіле ма?
Қараша 22, 2009
Егер мен есірткімен күресу керек немесе есірткінің таралуына жол бермеу керек десем менікі жай бір еріккеннің ермегі болып шығар еді.яғни артық айтылған,мыңдаған мықты тұлғалардың басын қатырған сөз болып қана қалады онда.ал менің айтпағым сол айтылып,ұрандалғанның бәрі неге іске аспайды онда?турасы сол есірткіні тоқтату үшін қаншама қаржы-қаражат бөлініп жатса да бұл сұмдық ағынның тоқталатын түрі жақын арада көрінбейді?демек мұнда бір жатқан құпия бар десек жаңылыспаймыз.есірткінің орталығы болған Ауғаныстанда әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ.шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес.себебі Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқалы ауғандық талибтер қорларын толтырып,қару жарақ сатып алып НАТО-ға қарсы шайқасын жалғастырады.ал егер талибтер шайқасын тоқтатса,онда Нато-әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды.олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр.яғни,талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес,бүкіл әлемге жария етеді де Американ және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалтырып,елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз.мұндай жағыдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады.гәп мынада:қазір американ әскерлерінің қарулар сапына келіп түсіп жатқан кез-келген қару жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді,мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ.және жай ғана сынап қоймай,шын жаулармен атыста қолданылып,неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді.мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды.ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан американ зымырандары Қытай мен Ресей тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет.парсы шығананғындағы орналасқан американ әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса,ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан тең келетін ешкімнің де әскері жоқ.қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады.қазір бұл фантазия емес,тек уақыт шешімі ғана болып қалды.өйткені ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет.ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын қанымдауға жеткілікті.сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор.ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр.ану Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі.сол жанкешті террористерді дайындауға нақта бағыт пен материалдық көмек беріп,оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA).бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып,олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет.енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңістік елдеріне және сол елдер арқылы еуропаға жетеді.ал халықаралық есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады.АҚШ үшін бұл ақша тұрақта түрде айналымдағы американ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал.бұл айтылған себептер АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.ал Орыстар үшін ше?бұл есірткі таралымы Орыстар үшін де тиімді,себеп:Америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді.Орыстардың әйгілі Калашниковы Террористер үшін теңдессіз әрі кез келген брондыжелетті тесіп өте алады,ал Орыс РПГ-сы АҚШ тың Хаммерларын жаруға таптырмайтын қару.енді онда сатылатын қарулардың оқтары мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама миллиардтаған сомаға тап боласың.ал әрбір өлген АҚШ солдаты Орыстар үшін тек қана ПЛЮС болып отырады.Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып,күл парша ететін гранатаметтар жасау үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.сол баяғыша Орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады.әлі де бір-бірімен жағалау үстінде.Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны,келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер.Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтын көрінеді.Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді.бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек.ал есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс,жасырын түрде.мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып,өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған АҚШ долларымен пайда табады.сондықтан ел не демейді деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы ақша-қаражат бөліп қойып,кейін оны мың еселеп қайтарып алады.ал есірткімен күресте ең үлкен жүк емес,ең кішкентай жүк пен ұсақ ұрылар ғана қолға түседі.оларды іздеумен айналысатындар айналып келіп сол баяғы жоғарғы көкеге жұмыс істейді мыс.міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қйындай береді.ал Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр:”Астана- есірткісіз қала”.оқып тұрып іштей ғана тамсанып:Қайран ақша!
әлемді шарпып өткен не құйын?
Қараша 4, 2009

не құйын деисіз ғой?кәдуілгі құйыннан мүлде бөлек космостық құйын туралы айтып отырмын.жақында әлемді магниттік толқын шалып өтті.дер кезінде кім байқап,байқамағанын кім білсін!бірақ бәрі енді біліне бастады.бұрын соңды болмаған уақиғалар тіркелуде!әлемде ауру саны күрт өскен,тымау,ауру сырқау дегеннің не түрі пайда болып жатыр.климатта да күтпеген өзгерістер.Астанада көктемгі жаңбыр себелеп жатыр,жылда осы уақытта көк тайғақ болатын!ал тымаумен ауырмағандар өте аз болар,қалаларда инфекцияның таралуы өте жылдам.бұл бір жағынан біздің күн жүиесінің галактикадағы орын ауыстыруына да байланысты болар,яғни уақыт белдеуі сағат тіліне қарама қарсы айналып барады ғой.жаңа бір кезеңнің басталуы бұл!енді жаңа суықтар мен ғаламдық жылынудың небір ғаламат апаттарын әлем күтіп тұр!
осы кеденде,шекарада кім отыр?
Қазан 28, 2009Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.Астана. 28 қазан. Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. “Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады”,- деді М.Жұманбай. Оның айтуынша, “мысалы, Ақтөбе облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Топтың құрамына “КНПЗ-Трейд” ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкері кірген. Бірінші саты сотымен мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруға “КНПЗ-Трейд” ЖШС директоры А. Ягодкин, мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға С. Ертаев, мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыруға С. Бектұрғанов және мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға кедендік бекеттің қызмтекері З. Магзом сотталды. Олар ұйымдасқан топ болып, шикі мұнайды композит деп, контрабандалық жолмен шығарып, мемлекетке 558 млн 400 мың теңге залал келтірген”. Қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, “Қызылорда облысында әрбіреуі 3 жыл бас бостандығынан шартты айыруға “Сункар 777″ ЖШС директоры М. Сейсенбайұлы мен “НЭК” НоваОйл” ЖШС директоры Е. Двуреченский сотталды. Олар тиісті лицензиясыз көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса, олар құны 46 млн. 950 мың теңгенің 946 тонна шикі мұнайын контрабандалық жолмен мазут ретінде шығармақ болған. Алынған шикі мұнай мемлекет пайдасына өндірілді”. Kazakhstan Today-мынаған қарап жай ғана қалу мүмкін емес.қойды қасқырға бақтырғанның кебі ма әлде амалсыздан жұмысты атқаратын АДАМ ның жоқтығынан ба?осы жастар ел болашағы деиді де осыншама сатқындық жасап жатқандардың орнына тағы бір баяғы коммунист келеді.ол да шама шарқынша ұрлық жасауға кіріседі.жастарға жауапкершілік жүктей отырып сеніп тапсырса жастардың қолынан келмеитіні жоқ қой.мынау ақпаратқа қарасаңыз ұрлық қылып жүргендердің бәрі баяғы коммунистік тәрбиені бойына сіңіргендер,яғни құдайдың қаһары мен елдің жағдайы оларды титтеи де ойландырмайды.
Жастар жарайсыңдар!
Қазан 12, 2009кеше астананың Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы стадионында Қазақстан-Щвеция құрамалары ойнады.қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Павел Родненок болатын.ал төрешілер:Бошко Йованетич (Сербия),қапталдағы Йовица Савия и Йован Божович(бұлар да сербтер.)айта кетерлігі стадион толған жастардың айғайы мен қолдауы құрама үшін үлкен демеу болды.ойынның 15 минутында қазақстандықтар үшін сәттіз болды,Даутов сары қағаз алды.41 минутта щвед Ольссон ескерту қағазына ие болды.екінші таймның 49 минуты:Никита Калмыков сары қағаздың иегері болды.51 ші миут Қазақстандықтар үшін ең сәтті минут туды:Шабалин гол салды,өте тамаша гол!бірақ 88 минутта щвед Алмебек қарымты гол соғып өз құрамасын жеңілістен қорғап қалды.жарайсың жастар дедік!жиналған қауым разы болып тарасты жастарға!бұрындары ылғй да жеңіле беретін едік,енді тең түсудің өзіне де қуанатын болдық,мүмкін болашақта голды аз салдық деп ренжитін шығармыз.ертең Астана орталық стадионында Қазақстан-Хорбатия құрамалары ойнайды.онда орын тіптен қалмаған екен.демек Қазақстан құрамасы үшін жанкүиерлер көп болады деген сөз.
Posted by aelaman