Ресей бөлшектенсе не болады?

Тамыз 5, 2011

Егер Ресейді ұсақ республикаларға бөлшектеуге тырысып жүрген Америкалықтар мен еуропалық арнайы қызметтердің жоспары жүзеге асса кавказ түгелдей бөлектенеді де ежелден тарихи қазақ жері саналып келіп ресейге қалып қойған Астрахань обылысы, Орынбор Обылысы үшін Қазақ елінің иелік танытуына жақсы мүмкіндік туады. Алайда ол кезде Қазақ елінде жақсы қаруланған, жаттыққан,қуатты әскер болу керек. Үйткені бұл жерлер ресейдегі ұсақ республикалар тәуелсіздік алған жағдайда негізгі ресейден бөлектеніп қалады да мұндағы жерлерге жедел түрде бақылау орнату керек болады. Тарихта күтпеген оқиғалар өте көп орын алады. Мысалға кеңес одағының ыдырауын ешкім күтпеген, алайда айналасы 1 жылда совет одағы быт шыт болды. Сондықтан Қазақ елі үшін бәріне дайын, әскеріміз қамдаулы дайын отырған жөн болар еді.


Қырғызстанға Ресей азаматтарын қорғау үшін әскер аттандырды

Сәуір 9, 2010

кеше Ресей  Қырғызстанға ондағы ресей азаматтарын қорғау үшін саны 150 адаман тұратын десанттық бригаданы аттандырды.Олардың мақсаты өз елшілігі мен уақытша қырғыз жерінде жүрген орыстарды қорғау.Тек қана Ресей азаматы деген сөз жоқ,жалпы орыс деген мағына ғана ТМД аумағында Ресей үшін маңызды.Ұлты орыс болса болды,жеке ел ма,жоқ ба оған қарамайды.Грузия сияқты баса көктеп кіруге құштар,бұрын тізесін батырып үйреніп қалған ғой.


АҚШ еуропада ракетаға қарсы жүиені орнатудан неге бас тартты?

Қараша 30, 2009

Пентагон басшысы Роберт Геитс былай мәлімдепті:”біз бұл раекеталық жүиені орналастыруды тоқтаттық,себебі оны орналастыру аса үлкен ақшаға түседі әрі осы салада жаңа технологияға,Иран атом құпиялары туралы жаңа информацияға қол жеткіздік.сондықтан еуропада,Польша мен Чехияға орнатылуға тиіс радарлар жобасы тоқтатылады”.осы мәлімдемеден соң Орыстар аспанға тымақтарын атқан болар.ал шын мәнінде Орыстар үшін кәдуілгідей ойландыратын сынақ болды.ал Нато-дағы Ресей өкілінің сөзінше жерде орналасқан РҚЖ(ракетаға қарсы жүйе) дан еуропаның жағалауларында тұрған АҚШ кемелері қауіпті әрі қажетіне қарай орын ауыстыра алады.тіпті қажет болса лезде Ресей жағалауына жете алады.сондықтан АҚШ-тың осы саладағы кез-келген қадамын өзіне қарсы бағытталған болашақ басқыншылық деп бағалайды,әрі қауіптенеді.қазір америкалықтар еуропада орналасуға тиіс РҚЖ ны кемелерге орнатты.негізі кемелерге орнатуының өзін қаржыны үнемдеу әрі жаңа лазерлік жүиенің іске қосылуымен түсіндіре отырып,бұл қадамға баруға Орыстардың еш ықпалы болмағанын дәлелдеп бағуда.Ал орыстар жағы кез-келген жағыдайда еуропаға РҚЖ орнату үшін оған Орыстардың араласыуы қажет деп санайды.сөз арасында АҚШ президенті -“біз РҚЖ құруда Ресейлік радарларды да қосуды,Ресеймен селбесе отырып жүзеге асыруымыз қажет” деп айтып қалды.ал шын мәнінде бұл мүмкін еместігін ескерсек АҚШ президенті мұны Орыстарды тыныштандыру үшін ғана айтты деп бағалауға болатын сыңайлы.осы сөзді естіген соң Д.Медведев бұл туралы келіссөздер жүргізу қажеттігін ашып айтты.бұл сөздер оған қатты ұнаған болар.әрі қуануға негіз де бар болатын.қазіргі Каспий маңындағы ресей территориясына АҚШ мамандары Орыстармен бірлесе отырып РҚЖ құраса Орыстар үшін де,АҚШ үшін де тиімді болар еді.Америкалықтар өз жүиесін орнатуға жіберген шығынды азайтар еді,ал Орыстар үшін АҚШ- тың әр қадамын анық бағуға,Каспий маңы арқылы өтетін еуропаға тартылған мұнай,газ құбарларына саяси әсер етуге тамаша мүмкіндік туар еді.ал Орыстардың қай уақыттан бері еуропаға қарсы жүргізіп отырған энергетикалық саясаты АҚШ тың көңілінен шықпайды әрі осы жағыдайдан шығу үшін жасалып жатқан қосымша энергетикалық жобаларға Орыстардаң кірігіп кетуіне әсте жол беруге болмайтынын пентагон жақсы түсініп отыр.негізі осы РҚЖ жүйесі басында қалай құрылған еді?төмендегі суреттен оның құрылымын анық көруге болады.

яғни сатылы жүйе бойынша орналасқандықтан,қарсылас жақ АҚШ жеріне өз зымыранын жеткізу үшін әлденеше тосқауылдан өтіп,Атлант мұхитының үстінен асып өтуі тиіс.енді жаңа лазерлік технологиямен жасақталған АҚШ әуе қорғанысы теңіздегі орналасатын THAAD ракетаға қарсы ракеталық жүйесімен бірлесе отырып кез келген шабуылға қауқарлы болып отыр.онымен қоса,АҚШ тың еуропаға стратегиялық қару жарақтарды орналастырып қойып Орыстармен Грузия ойынын ойнауды жалғастыру ойы да болуы мүмкін.АҚШ бұл жобаны уақытша тоқтатқанмен,одақтас ретінде Польша мен Чехияны да назардан тыс қалдырмайтынын,болашақта-2020 жылдарға қарай еуропада РҚЖ ны толық орнатуға,АҚШ әскери базаларын бекемдеуге ұмтылатынын да жасырған жоқ.демек Орыстар үшін ерте қуануға да,босаңсыуға да жол жоқ деген сөз.ал Қазақстан үшін бұл ойындардың маңызы мен мәні қандай?Қазақстан осы жақында ғана ұжымдық келісім шарт ұйымына кіретін елдермен бірлесіп ауқымды әскери жаттығулар өткізді.мақсат біріге қимылдаудың үйлесімділігін жетілдіру,біріккен күштердің қймылын үйлестіру еді.мұнда Өзбекстан жағы кіріспеді әрі жалпы ұйым шартына өзіне сай,тиімді шарттармен енді.яғни өзбек жеріне басқыншылардан,террористерден қауіп төнген жағыдайда ғана қарулы күштерін араластыратын болды.өкінішке орай Қазақстан бұл шартқа Орыстардың арғы бергі ойын талдап жатпастан ақ бас салып кірді де кетті.егерде Орыстармен Грузия тарапы арасында тағы бір жанжал болсын,онда әскери одақтас ретінде Қазақ әскері еш қатысы жоқ Грузинге оқ атпақ.құдай сақтасын,нағыз мың шытырман ойын осында басталмақ.ар жақтан АҚШ мамандары Грузиндер үшін келеріне күмән жоқ.бәрін айтта бірін айт,бұл ұйым Орыс пен Қытай үшін ғана тиімді.екуі үшін де еуразияға АҚШ күштерінің нықтап орналасуы қауіпті.сондықтан саяси ықпалдары мен экономикалық артықшылықтарын пайдалана отырып өзгелерді осы қарсылық акциясына мәжүбірлі қатыстырмақ.шын мәнінде біздің ел үшін ТМД ның түкке қажеті жоқ,ол Орыстар үшін бұрынғы кеңестік кездегі орыс ықпалы мен мәдениетін,тілін сақтап қалу үшін қажет болып құрған ұйымы.сол ұйымның келісім шарттары арқасында Орыстар ТМД аумағында атасының төрінде жүргендей ойнақтап жүр.мысалға ТМД елдерінде визалық режим жоқ,өзгелерге бер.яғни олар бөтен.сонда баяғы бір кеңестік дәуір ықпалынан құтылатын уақыт келмеді ме?неге тек ТМД- да ғана еркін жүретін қазақ азаматтары еуропада солай жүре алмайды?сондай бір келісімге қол жеткізе алмайтындай Қазақстан үкіметі кімнен кем,кіммен жау еді?тек қана ТМД аумағында еркін экономика жасай алам деген не мақсат?әлде сол баяғыдай батыспен байланысты Орыстар арқылы тасымалдап,итшілеп күн кешпек пе?неге дамыған батыспен тікелей байланысқа түспеске?ағасынан именген бала сияқты қашанғы Орыстың қолбаласы болады Қазақтар?енді осы жерден ең басты ұғым пайда болады:Ұлттық сана.бұл санамыз толық бекуі үшін бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевтің шама шарқы жеткіліксіз.президент ұлт көшін дұрыс бастай білді,ұзақ мерзімді ұлттық даму мен жаңаруға да бағыт айқындап берді.бірақ табиғатынан кертартып өткен халықбыз,ұлықтың айтқанын ұлғайта айтып,түбірімен қопара қозғадық.кеңестік аурудан әлі айғар түріміз де жоқ.сөйтіп жүргенде әлемдік Геосаяси жағыдай жаңа бағытқа ойысты,жел бағыты өзгерді.енді замананы тез қуып жетпесек,сол қалғаннан мол қалып,қолымызда тек баяғдай мал қалмақ.біреудің қолы мен ықпалына қарап өмір сүрмей,өзіндік саяси бағыт бағдарымызды толық айқындай алатын қалге жетсек керек.бізге керегі қазақ жастарының-өзінің шынымен кім екенін,бар әлемен хабардар болып өскені қажет.


Есірткімен күрес шын жүргізіле ма?

Қараша 22, 2009

 

Егер мен есірткімен күресу керек немесе есірткінің таралуына жол бермеу керек десем менікі жай бір еріккеннің ермегі болып шығар еді.яғни артық айтылған,мыңдаған мықты тұлғалардың басын қатырған сөз болып қана қалады онда.ал менің айтпағым сол айтылып,ұрандалғанның бәрі неге іске аспайды онда?турасы сол есірткіні тоқтату үшін қаншама қаржы-қаражат бөлініп жатса да бұл сұмдық ағынның тоқталатын түрі жақын арада көрінбейді?демек мұнда бір жатқан құпия бар десек жаңылыспаймыз.есірткінің орталығы болған Ауғаныстанда  әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ.шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес.себебі Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқалы ауғандық  талибтер қорларын толтырып,қару жарақ сатып алып НАТО-ға қарсы шайқасын жалғастырады.ал егер талибтер шайқасын тоқтатса,онда Нато-әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды.олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр.яғни,талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес,бүкіл әлемге жария етеді де Американ және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалтырып,елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз.мұндай жағыдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады.гәп мынада:қазір американ әскерлерінің қарулар сапына келіп  түсіп  жатқан кез-келген қару жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді,мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ.және жай ғана сынап қоймай,шын жаулармен атыста қолданылып,неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді.мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды.ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан американ зымырандары Қытай мен Ресей  тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет.парсы шығананғындағы орналасқан американ әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса,ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне  қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан  тең келетін ешкімнің де әскері жоқ.қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады.қазір бұл фантазия емес,тек уақыт шешімі ғана болып қалды.өйткені ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет.ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын қанымдауға жеткілікті.сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор.ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр.ану Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі.сол жанкешті террористерді  дайындауға нақта бағыт пен материалдық көмек беріп,оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA).бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып,олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет.енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңістік елдеріне және сол елдер арқылы еуропаға жетеді.ал халықаралық  есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады.АҚШ үшін бұл ақша тұрақта түрде айналымдағы  американ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал.бұл айтылған себептер АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.ал Орыстар үшін ше?бұл есірткі таралымы Орыстар үшін де тиімді,себеп:Америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді.Орыстардың  әйгілі Калашниковы Террористер үшін теңдессіз әрі кез келген брондыжелетті тесіп өте алады,ал Орыс РПГ-сы АҚШ тың Хаммерларын жаруға таптырмайтын қару.енді онда сатылатын қарулардың оқтары  мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама  миллиардтаған сомаға тап боласың.ал әрбір өлген АҚШ солдаты Орыстар үшін тек қана ПЛЮС болып отырады.Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып,күл парша ететін гранатаметтар жасау үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.сол баяғыша Орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады.әлі де бір-бірімен жағалау үстінде.Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны,келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер.Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтын көрінеді.Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді.бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек.ал есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс,жасырын түрде.мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып,өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған АҚШ долларымен пайда табады.сондықтан ел не демейді деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы ақша-қаражат бөліп қойып,кейін оны мың еселеп қайтарып алады.ал есірткімен күресте ең үлкен жүк емес,ең кішкентай жүк пен ұсақ ұрылар ғана қолға түседі.оларды іздеумен айналысатындар айналып келіп сол баяғы жоғарғы көкеге жұмыс істейді мыс.міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қйындай береді.ал Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр:Астана- есірткісіз қала.оқып тұрып іштей ғана тамсанып:Қайран ақша!


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.