қазаққа жұққан ауыр дерт

Тамыз 7, 2009

қылмыскер болудан құдай өзің сақтай көр.атым алыстан үркісе жарар.мен сол бәлендей ешкімді ұрып немесе атып жатқаным жоқ.тек ойымды мазалайтыны-өз ырқымсыз қылымыс саналатын оқйғаларға  араласуым туралы.бұның бәрі біздің өмір сүріп отырған қоғамда қарапайым түрде өтіп жатыр.бірақ зардаптары аса апатты жағыдайға апаратынын ешкім де білмейді,білгісі де келмейтін сияқты.мен осыдан екі жыл бұрын емтихан тапсыруға құжат жинадым.арасында медициналық тексерістен өтуім керек еді.бірінші күні бардым.бірақ қалай екені белгісіз сол күні дәрігерлердің қолы тимеді.яғни өз жұмыстарын дұрыс атқаруға уақыттары болмады.екінші күні,үшінші күні де сол.әбден шершадым да кетуге ыңғайланғанда әлдебір адам маған бұл тексеріс туралы анықтаманы алуға көмектесе алатынын,оның аса қымбат емес екенін айтты.ал керек болса саған.алдымды емтиханға дайындық,мен болсам құжаттарды толық өткізгенім жоқ.комиссия уақыты бүгін бітпек.амалсыз оның айтқанын істеп,әлгі анықтамаға 1200 тенге төледім де алдым.алуын алсам да өзімді біртүрлі қылмыскердей санап жүрдім.содан бері бұл жемқорлық менің есімнен кеткен емес.бұдан басқа да толып жатқан жемқорлық фактілеріне мен талай рет жолықтым.бірақ ұятым мен арым жібермеді.мұндайға ешқешан жоламасқа,қолымнан келсе мұндай сорақылыққа жол бергім келмеді.содан да болар мемлекеттен жер телімін алуға қажет құжаттарды рәсімдеу үшін аттай екі жыл уақыт жұмсадым.ал меннен басқалардың айналасы 3 айдың ішінде барлық құжаттарды дайын еткенін өз көзіммен көрдім.бұған азаматтар еріксіз барып та жатыр,әдейілеп те барып жатыр.ойлана келе біздегі менталитет деген,мәдениет деген осы дедім.біз қазақтар мақтанғанда сұмдық мақтанамыз.намысшылмыз деиміз тағы?қайдағы намыс пара беру арқылы мемлекетке ауыр ауыр соққылыр беріп жатсақ.тек соққылыр ғана емес,бұл мемлекетті сатумен тең қылмыс.ар ождан мен намыстың жерге көмілуі.сол анықтаманы алғаным үшін өзімді дәл солай сезінетін болдым.біздің қоғам үшін бұл үйреншікті жағыдай болса да,кешірімді тек құдайдан сұрадым.тек осы жайт қана мені толғандырса қане?жақында менің танысым Спорт мұғалімі дипломын 220000 тенгеге сатып алғанын естіп не дарімді білмедім.ал Оңтүстіктен келген бір ағайын онда ақша болса бітпейтін шаруа жоғын айтып,Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сынақ кодтарының сатылатынын,оның құны қажет болған балл шамасына сай болатынын айтқанда айтар сөзім қалмады.енді міне деңіз:1.Астананың Қаржы Экономикалық колледжін бітірушілер үшін диплом бағаларын жақсы нәтижемен жаздыруға әрбір пән үшін 2000 тенге қажет болған.

2.Астанадағы Аграрлық техникалық университетін жақында бітірген бір қыздан мұндағы бір бағаның құны 5000 тенге тұратыны,диплом жұмысын сатып алу үшін оған 30000 тенге қажет болғанын естідім.айта кетерлігі мұнда пара алушылар арасында жастар аз.Пара алушылар бұрыннан бері,Одақ кезінен бері ойына не келсе соны істеп келе жатқан оқытушылар.орта буын өкілдері мен қартаң ұстаздар екен.Қазақстан сияқты алып мемлекеттің,алдыңғы дамыған елу елдің қатарына ұмтылып отырған елдің астанасындағы маңдай алды университеттің Профессорлары пара алғанда болашағымызды қандай етіп елестетуге болады?ал сол жерден бітіріп шығып жауапты қызметке орналасқандары ше?олар енді халықтың дәулетін басқармақ!міне масқара.

3.Астанадағы Медицина академиясы пара алу жөнінен алда көрінеді.менің естуімше жақсы баға алу 5000-20000 тенге аралығында.мұндағы студент не оқып озбақ,не қалтасындағы барын үлгерімін өтірік қойдыру үшін қағып бермек.мұнан кейін қайда барып емделерімізді білмеймін,кімге сенеміз?азды көпті сырқыраған ауруды аттай етіп операция столына алып ұрып сойып тастап қайтып тұрмай қалсақ қарапайым халықты артынан кім жоқтайды?

4.Астанадағы жол полициясының қолына түссең де қорқудың қажеті жоқ.көптеген жүргізушілерден естіп жүрмін.қаладан шыға беріс жолдарда кезігіп қалып,тәртіп бұзсаң 500-1000 тенге аралығында беріп құтылуға болады.кейбіреулер тіпті еш мін жоқ машинаның өзін тоқтатып,тырнақ астынан бәле іздеп жүріп тауып,қайткенде де азды көпті тенге жымқырытын көрінеді.

енді менің жасаған қортындым:пара алушылардың арасында жастар аз.пара алып мемлекет алдында сатқындық жасап жүргендердің бәрі коммунистік кезеңде тәірбие алып,ар мен ожданнің не екенін білмей өскендер.қазіргі жастардың 100 пайызы солардың жолымен жүрмесе де сол Бұрынғы коммунист ағаларымыз ортамызда әлі де өмір сүріп айналасын былғауда.әрине коммунистік кезеңде өмір сүргеннің бәріне кінә тағып,күие жағудан аулақпын.бірақ сол парақорлардың көпшілігін солар құрап отыр.ендігі елдің үміті тек жастарда.елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы:болашақ жастарда-деп қадап айтқанын бәрі біледі.тек мына бір аурудың жас таланттардың жолын бөгеп,елге қызмет етуге деген талпыныс пен күш жігерін құм етіп отыр.бұның зардабы обадан мыңдаған есе асып түседі.қоғамды жайлаған дерт-жемқорлық дегеннің бір көрінісі осы.сонау жылдары АҚШ әскері Иракқа басып кірер алдында Ирактың 60 генаралын сатып алғанын естігенбіз.ал осы қыста ақпарат құралдарында қазақстан әскерінің шенді тұлғасы қытай тыңшысына аса құпия ракета отынын сатпақ болғанда ұлттық қауіпсіздік коимтетінің қолына түскенін жазды.оның артынша Қорғаныс министрлігінің орынбасары бөлінген қаржыны талан таржы еткені үшін орнынын алынып жоғары жақтан у-шу шыққаны мәлім.осылай тізіп айта берсек мұндай естудің өзі ұят сатқындық әрекеттері жетіп артылады.енді темірдей жүректеніп осы дертпен қоғам болып қарсы тұрып,әрекетті бала бақшадан бастау керек ау дедім.сол балғындардың жүрек түбіне имандалық пен отанға деген сүиіспеншілікті қазірден сіңіріп бастаса ел ертеңіне үлкен демеу боларына мен өз басым сенімдімін.


не болғаны?

Шілде 28, 2009

осы соңғы апталарда ғана Иранда әуе апаты жиілеп кетті.барлығынан техникалық апат іздеп шабылып жатыр.арасында қазақстан азаматтары да қаза болды ғой.себепті анау мынау үйреншікті жерден емес,ғылыми фантастикадан іздеу керек сияқты.парсы шығанағында БҰО ның ұшып қону алаңы бар мыс.шынында солай деиді.осыдан әлденеше жыл бұрын олардың ұшуы жиілеген соң Иран әуе күштері олардың соңынан түсіп те көрген екен.бірақ нәтиже шығара алмаған.жалпы Прасы шығанағы аумағында бір белгісіз -энергия шоғыры бар.ол бәріне әсер етеді.қаншама ғасырдан бері онда соғыс тоқтар емес.бұл туралы қадірлі пайғамбарымыз Мұхаммед с.у да айтқан екен.онда:күндердің бір күні осы аумақтан таудай алтын табылмақ,кімде болсын сол алтынға жоламасын деген екен.ал қол салса арты жаман болмақ.құдай сақтап Парсы шығанағынан алыспыз ғой.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.