Ғаламшарда өмір сүріп жатқан адам саны үшін қажетті азық-түлік, энергоресурстар алдағы онжылдықта тіптен азая түспекші. осыған байланысты адамзат тарихындағы ең ауқымды әрі ең жылдам соғыстар орын алуы мүмкін. Бұл соғыстардың өтетін аймақтары: Ресейдің Шығыс-Сібір өлкесі, хабаровск мен Сахалин аралын Қытай мен Жапон әскері басып алуы мүмкін. Бұл соғыс болса Қытай әскері Орыстардың ескірген әскерін сөзсіз тас-талқан етеді. Ал мұндай қауіп Қазақстанға да төніп тұр. Біздің Оңтүстік аймақтарға қытайдың тарихшыларының таласы барын бәріміз білеміз әрі осы аймақтарда қытайға баратын мұнай құбырлары өтеді. алдағы уақыттарда осы мұнайға қатысты ши шықса Қытай жақтан бізге анық қауіп төнуі мүмкін. Ал біздің Әскеріміз Қытайдың бір дивизионына да қарсы тұра алатын халде емес, өз елімізде танк тұрғой жай атыс қаруын жа шығара алмаймыз. Әскерде тәртіп жоқ, күнде армияда асылып қалған сарбаздар туралы даулар ғана қаттырақ естіледі.
осы кеденде,шекарада кім отыр?
Қазан 28, 2009Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.Астана. 28 қазан. Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. “Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады”,- деді М.Жұманбай. Оның айтуынша, “мысалы, Ақтөбе облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Топтың құрамына “КНПЗ-Трейд” ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкері кірген. Бірінші саты сотымен мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруға “КНПЗ-Трейд” ЖШС директоры А. Ягодкин, мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға С. Ертаев, мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыруға С. Бектұрғанов және мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға кедендік бекеттің қызмтекері З. Магзом сотталды. Олар ұйымдасқан топ болып, шикі мұнайды композит деп, контрабандалық жолмен шығарып, мемлекетке 558 млн 400 мың теңге залал келтірген”. Қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, “Қызылорда облысында әрбіреуі 3 жыл бас бостандығынан шартты айыруға “Сункар 777″ ЖШС директоры М. Сейсенбайұлы мен “НЭК” НоваОйл” ЖШС директоры Е. Двуреченский сотталды. Олар тиісті лицензиясыз көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса, олар құны 46 млн. 950 мың теңгенің 946 тонна шикі мұнайын контрабандалық жолмен мазут ретінде шығармақ болған. Алынған шикі мұнай мемлекет пайдасына өндірілді”. Kazakhstan Today-мынаған қарап жай ғана қалу мүмкін емес.қойды қасқырға бақтырғанның кебі ма әлде амалсыздан жұмысты атқаратын АДАМ ның жоқтығынан ба?осы жастар ел болашағы деиді де осыншама сатқындық жасап жатқандардың орнына тағы бір баяғы коммунист келеді.ол да шама шарқынша ұрлық жасауға кіріседі.жастарға жауапкершілік жүктей отырып сеніп тапсырса жастардың қолынан келмеитіні жоқ қой.мынау ақпаратқа қарасаңыз ұрлық қылып жүргендердің бәрі баяғы коммунистік тәрбиені бойына сіңіргендер,яғни құдайдың қаһары мен елдің жағдайы оларды титтеи де ойландырмайды.
Posted by aelaman