Дипломмен ауылға немесе қазақты қаладан аластау

Ақпан 24, 2010

Осы жылы Нұр-Отан партиясының Жас-Отан жастар қанатымен бірлесе отырып Дипломмен ауылға деген жобаны бастады.Бір қарағанда ақылды шешім сияқты,қазақ халқының негізі ауылдан шыққан әрі сол алтын мекен саналған ауылда халықтың көп бөлігі тұрады.шамамен 60 пайыз халық әлі күнге ауылда тұрады.Енді анықтап ойланып көрген адамға бір нәрсе анық болады: ау қазақ халқы қаншама ғасыр ауылда,көшпелі тірлікте жүріп отырықшы халықтардың өркениеті мен ғылым білімінен кейін қалып ақыр аяғы қолымыздағы найза мен шоқпармен мылтық ұстаған Орысқа қарсы тұра алмай қырғынға ұшырап,сол ғылым мен білімнің жоқтығынан осы 1990 дейін бұратана халық саналып,империяның қол астында 300-жыл езіліп келдік емес пе?1932-1938 жылдардағы аштықтан қырылып қалған 4 миллион қазақты қалай ғана жайдан жай жоқ болып кетті деп айта аламыз?Ал қазір Одақ кезінде мектеп бітірген қазақ жастарын үш жыл бойына мал бағуға жіберіп,содан кейін ғана жоғары оқу орнына түсуге рұқсат етілгенін осы күнгі орта буын өкілдері жақсы біледі.Мұндағы қитұрқы саясат қазақ халқын қалалық өңірлерге,ғылым мен білімге жолатпаудың жолы.Қала-өркениет пен ғылым ортасы,мұнда барлық ғаламдық тәжірибелер табысады,тәжірибелер алмасылып,ғылым мен білімге кең мүмкіндік қалыптасады.Сол одақтан қалған кертартпа ойды қазаққа қайтара таңудың кімге қажеті болды? жаңа ғана диплом алып білім шыңына ептеп аяқ басқан жастар ауылға барған соң қайтадан тұйықталып қалатынын жақсы білетін әлдекімдер қалай да болсын қазақ ұлтын аздыруға шындап бекінген! Қазақстан территориясының жер жүзіндегі үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатынын ескерсек осыншама аумақты заманауй коммуникациямен жабдықтау деген қазіргі жағыдай үшін тек күлкілі әңгіме ғана!Есептеп көрсек интернеттен тартып телефония,газ,жарық,жол осының бәрін бүкіл республика аумағына алдағы бір ғасырда толық тарту мүмкін емес!ал мұндай жағыдай жасалмаған жерде қандай білімді адам болсын кәдуілгі мәңгүртке айналады.Керісінше қазақ ақаланы басып алуы керек,Қазақстан қалаларында 90 пайыз қазақтар тұруы тиіс!бұл стратегиялық жағынан да,ұлттық қауіпсіздік жағынан да өте қажет нәрсе.Жай ғана қарасақ қалалық жердің тұрғындарының көбін орыстар құрайды,қалған ұсақ ұлттарды айтпағанда.Ал қазақ мемлекеттігінің негізін сақтау үшін қалада қазақтардың көп тұруы ешқандай даусыз жағыдай.Егер қалада қазақтар тұрмаса ғылым мен білімге,ұлттық бизнеске кім үлес қоспақ?Қалаларды кім басқарады? Орыстар ма? Ал оларды көрдік қой, В.Храпунов қазақтың бар байлығын алып Щвейцарияға қашып кетті де қалды,ал саған күйеу бала керек болса.Ол енді піл сүйегімен қапталған үйде тұрады.Оның артынан іздеген жан болды ма?ойбүй дедік де қойдықұл жерде үкімет бүйтіп ақталады:Қалаға келген жастар лайық жұмыс таба алмай қылмысқа барады,тұрғын үйге жастар қол жеткізу қыйын….айта берсек тізіле беретін көп мәселелер.шын мәнінде адамзаттың қол жеткізген жаңалықтарының барлығы осылай тұрмыстан қыйындық көрген жастардың қолымен жасалған.Мысалға Билл Гейтс,Пепси Кола,Генри Форд сияқтыларға ешкім жақсы жұмыс пен жайлы пәтер бермеген,бірақ олар қолды бір сілтеп ауыл шаруашылығына кетіп қалған жоқ қой,олар керісінше әлемдегі ең бай адамдарға айналды.Егер шашырап жатқан қазақ халқы қалаларға жиналып,ешбір жобасыз орналасқан ауылдардың саны азайса оларға бола шығындалатын қаржы қаражат та азаяар еді, тек қалаға жақын орналасқан ауылдарға шоғырлану болады да ондай ауылды мекендерді тұрмыстық қажеттіліктермен қаматамасыз ету қыйынға түспес еді.Ауыл шаруашылығанда тек ірі шаруашылықтар ғана қалып немесе ірі кооперативтерге бірігер еді.Олар ендігі жерден мемлекеттен көмек те сұрамас еді,өйткені жеке компаниялар өз қаржылық жағыдайын өздері шешіп алар еді.Ал Дипломмен ауылға деп ұрандаған Нұр Отандықтар қазақ халқының алдында ғасыр қылымысын жасап жатқандарын өздері білеме әлде білмей ме?Олардың осылай әйшүйге қарамай желігуіне кім арқау болып отыр?Мүмкін Ресейден астыртын бұйрық алатын шөңгелер шығар?Тұтастай бір буынды мәңгүртке айналдыру қылмысы бұл!


Жастар жарайсыңдар!

Қазан 12, 2009

кеше астананың Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы стадионында Қазақстан-Щвеция құрамалары ойнады.қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Павел Родненок болатын.ал төрешілер:Бошко Йованетич (Сербия),қапталдағы Йовица Савия и Йован Божович(бұлар да сербтер.)айта кетерлігі стадион толған жастардың айғайы мен қолдауы құрама үшін үлкен демеу болды.ойынның 15 минутында қазақстандықтар үшін сәттіз болды,Даутов сары қағаз алды.41 минутта щвед Ольссон ескерту қағазына ие болды.екінші таймның 49 минуты:Никита Калмыков сары қағаздың иегері болды.51 ші миут Қазақстандықтар үшін ең сәтті минут туды:Шабалин гол салды,өте тамаша гол!бірақ 88 минутта щвед Алмебек қарымты гол соғып өз құрамасын жеңілістен қорғап қалды.жарайсың жастар дедік!жиналған қауым разы болып тарасты жастарға!бұрындары ылғй да жеңіле беретін едік,енді тең түсудің өзіне де қуанатын болдық,мүмкін болашақта голды аз салдық деп ренжитін шығармыз.ертең Астана орталық стадионында Қазақстан-Хорбатия құрамалары ойнайды.онда орын тіптен қалмаған екен.демек Қазақстан құрамасы үшін жанкүиерлер көп болады деген сөз.


қазаққа жұққан ауыр дерт

Тамыз 7, 2009

қылмыскер болудан құдай өзің сақтай көр.атым алыстан үркісе жарар.мен сол бәлендей ешкімді ұрып немесе атып жатқаным жоқ.тек ойымды мазалайтыны-өз ырқымсыз қылымыс саналатын оқйғаларға  араласуым туралы.бұның бәрі біздің өмір сүріп отырған қоғамда қарапайым түрде өтіп жатыр.бірақ зардаптары аса апатты жағыдайға апаратынын ешкім де білмейді,білгісі де келмейтін сияқты.мен осыдан екі жыл бұрын емтихан тапсыруға құжат жинадым.арасында медициналық тексерістен өтуім керек еді.бірінші күні бардым.бірақ қалай екені белгісіз сол күні дәрігерлердің қолы тимеді.яғни өз жұмыстарын дұрыс атқаруға уақыттары болмады.екінші күні,үшінші күні де сол.әбден шершадым да кетуге ыңғайланғанда әлдебір адам маған бұл тексеріс туралы анықтаманы алуға көмектесе алатынын,оның аса қымбат емес екенін айтты.ал керек болса саған.алдымды емтиханға дайындық,мен болсам құжаттарды толық өткізгенім жоқ.комиссия уақыты бүгін бітпек.амалсыз оның айтқанын істеп,әлгі анықтамаға 1200 тенге төледім де алдым.алуын алсам да өзімді біртүрлі қылмыскердей санап жүрдім.содан бері бұл жемқорлық менің есімнен кеткен емес.бұдан басқа да толып жатқан жемқорлық фактілеріне мен талай рет жолықтым.бірақ ұятым мен арым жібермеді.мұндайға ешқешан жоламасқа,қолымнан келсе мұндай сорақылыққа жол бергім келмеді.содан да болар мемлекеттен жер телімін алуға қажет құжаттарды рәсімдеу үшін аттай екі жыл уақыт жұмсадым.ал меннен басқалардың айналасы 3 айдың ішінде барлық құжаттарды дайын еткенін өз көзіммен көрдім.бұған азаматтар еріксіз барып та жатыр,әдейілеп те барып жатыр.ойлана келе біздегі менталитет деген,мәдениет деген осы дедім.біз қазақтар мақтанғанда сұмдық мақтанамыз.намысшылмыз деиміз тағы?қайдағы намыс пара беру арқылы мемлекетке ауыр ауыр соққылыр беріп жатсақ.тек соққылыр ғана емес,бұл мемлекетті сатумен тең қылмыс.ар ождан мен намыстың жерге көмілуі.сол анықтаманы алғаным үшін өзімді дәл солай сезінетін болдым.біздің қоғам үшін бұл үйреншікті жағыдай болса да,кешірімді тек құдайдан сұрадым.тек осы жайт қана мені толғандырса қане?жақында менің танысым Спорт мұғалімі дипломын 220000 тенгеге сатып алғанын естіп не дарімді білмедім.ал Оңтүстіктен келген бір ағайын онда ақша болса бітпейтін шаруа жоғын айтып,Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сынақ кодтарының сатылатынын,оның құны қажет болған балл шамасына сай болатынын айтқанда айтар сөзім қалмады.енді міне деңіз:1.Астананың Қаржы Экономикалық колледжін бітірушілер үшін диплом бағаларын жақсы нәтижемен жаздыруға әрбір пән үшін 2000 тенге қажет болған.

2.Астанадағы Аграрлық техникалық университетін жақында бітірген бір қыздан мұндағы бір бағаның құны 5000 тенге тұратыны,диплом жұмысын сатып алу үшін оған 30000 тенге қажет болғанын естідім.айта кетерлігі мұнда пара алушылар арасында жастар аз.Пара алушылар бұрыннан бері,Одақ кезінен бері ойына не келсе соны істеп келе жатқан оқытушылар.орта буын өкілдері мен қартаң ұстаздар екен.Қазақстан сияқты алып мемлекеттің,алдыңғы дамыған елу елдің қатарына ұмтылып отырған елдің астанасындағы маңдай алды университеттің Профессорлары пара алғанда болашағымызды қандай етіп елестетуге болады?ал сол жерден бітіріп шығып жауапты қызметке орналасқандары ше?олар енді халықтың дәулетін басқармақ!міне масқара.

3.Астанадағы Медицина академиясы пара алу жөнінен алда көрінеді.менің естуімше жақсы баға алу 5000-20000 тенге аралығында.мұндағы студент не оқып озбақ,не қалтасындағы барын үлгерімін өтірік қойдыру үшін қағып бермек.мұнан кейін қайда барып емделерімізді білмеймін,кімге сенеміз?азды көпті сырқыраған ауруды аттай етіп операция столына алып ұрып сойып тастап қайтып тұрмай қалсақ қарапайым халықты артынан кім жоқтайды?

4.Астанадағы жол полициясының қолына түссең де қорқудың қажеті жоқ.көптеген жүргізушілерден естіп жүрмін.қаладан шыға беріс жолдарда кезігіп қалып,тәртіп бұзсаң 500-1000 тенге аралығында беріп құтылуға болады.кейбіреулер тіпті еш мін жоқ машинаның өзін тоқтатып,тырнақ астынан бәле іздеп жүріп тауып,қайткенде де азды көпті тенге жымқырытын көрінеді.

енді менің жасаған қортындым:пара алушылардың арасында жастар аз.пара алып мемлекет алдында сатқындық жасап жүргендердің бәрі коммунистік кезеңде тәірбие алып,ар мен ожданнің не екенін білмей өскендер.қазіргі жастардың 100 пайызы солардың жолымен жүрмесе де сол Бұрынғы коммунист ағаларымыз ортамызда әлі де өмір сүріп айналасын былғауда.әрине коммунистік кезеңде өмір сүргеннің бәріне кінә тағып,күие жағудан аулақпын.бірақ сол парақорлардың көпшілігін солар құрап отыр.ендігі елдің үміті тек жастарда.елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы:болашақ жастарда-деп қадап айтқанын бәрі біледі.тек мына бір аурудың жас таланттардың жолын бөгеп,елге қызмет етуге деген талпыныс пен күш жігерін құм етіп отыр.бұның зардабы обадан мыңдаған есе асып түседі.қоғамды жайлаған дерт-жемқорлық дегеннің бір көрінісі осы.сонау жылдары АҚШ әскері Иракқа басып кірер алдында Ирактың 60 генаралын сатып алғанын естігенбіз.ал осы қыста ақпарат құралдарында қазақстан әскерінің шенді тұлғасы қытай тыңшысына аса құпия ракета отынын сатпақ болғанда ұлттық қауіпсіздік коимтетінің қолына түскенін жазды.оның артынша Қорғаныс министрлігінің орынбасары бөлінген қаржыны талан таржы еткені үшін орнынын алынып жоғары жақтан у-шу шыққаны мәлім.осылай тізіп айта берсек мұндай естудің өзі ұят сатқындық әрекеттері жетіп артылады.енді темірдей жүректеніп осы дертпен қоғам болып қарсы тұрып,әрекетті бала бақшадан бастау керек ау дедім.сол балғындардың жүрек түбіне имандалық пен отанға деген сүиіспеншілікті қазірден сіңіріп бастаса ел ертеңіне үлкен демеу боларына мен өз басым сенімдімін.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.