Капит алитсік реализм

Қараша 22, 2009

Мен күн сайын сабақтан қайтқанда автобустың терезесіне жақын орынға жайғасып отырып,сыртқы көріністі,көшені бақылап отырып үйге жетем.жолда талай жанды жейтін дүниелерді көресің.тек үйге жеткенше әлденеше рет екі аяғы жоқ қайыр сұрап отырған кемтарларды көріп ішіңнен жаратқанға рахмет айтып,тәубе дейсің, бұл күніңе разы боласың.қазір қазақстанда капитализм.қазақта капитализм болып па еді?әркімге әр қалай,бірақ мұндай сорақы капитализм болған емес.қолын жайып қайр сұрап отырған жасы сексенді алқымдаған кәрі апалар мен олармен қатарласа отырған цығандарды көргенде ішің ашымақ тұр ғой,заманаға қаның қайнап кетеді.қазақ қазақ болғаннан бері құдайдың берген қаншама  асыл қасиетін жоғалтқанын осылай базар алдынан өтіп бара жатып ақ анық көруге болады.қолына ала дорба ұстап көше кезіп шөлмек терген қазақтар,күнделікті ақшаға жұмыс істейтіндер тұратын орындағы тұратындар да тек қазақтар.арасында не бір орыс болса не дерсің?құл базарда тек қазақтың жігіттері.ал мына бір жерде кішкентай арбасын сүйреткен бір жас қазақ қыз ұсақ-түйек сатып тұр.суық күннен дір-дір етіп айналасына үміттене қарап тұрғаны.

Енді ең бір сұмдығы анау жерде:жасы бір сегіз-тоғыз шамасындағы жас қазақ баласының алдына кішкентай салмақ өлшегіш аппаратты қойып,жүресінен отырып дауыстап айқайлап отырғанын көресің.маңайында үйіліп жатқан қоқыстар.ал оның қасында заманауи Пираттар жайғасқан.ол да қазақ,үстінде қытайдың арзанқол сырткиімі,жасы шамамен 17 шамасында.қолын демімен үрлеп жылтып,заңсыз бизнесін жарқырата айқайлап тұрса оның жанында шымқанып оранып алған тәртіп сақшысы.қазіргі тілмен Суперсақшы немесе Универсалсақшы.не үшін тұр,қандай мақсатпен ол жағы мен үшін де,ол үшін де белгісіз тәрізді.қасындағы болып жатқандарға жай бір қөзқараспен қарап тұр,арасында сатылып жатқан заңсыз дискілерді алып көріп,сыртқы жапсырмасын тамашалап қояды.күлесің ба,жылайсың ба?ойлап ой түйген,елдің жанын түсінген адам үшін жылайтын жағыдай.ал мен күн сайын сол жерден өтем.күнде бір ой,қашан бір осы орында осыдан басқа жайқалған бақ немесе таза бір демалыс орнын көрем деп.ал мен үйге келіп телеарналарға үңілгенде ұлттық телеарнадан- ”Дамыған қазақстан,алдыңғы елу елдің қатарына кіру деген“сияқты кеңестік одақтан қалған құрғақ ұрандарды енжарлана  отырып көресің.дамысаң мына көріністі жоққа шығара аласың ба?мына күйімізбен әлемнің алдыңғы қатарлы елу елінің қатарына қалай кірмекпіз?

Менікі жазып қою ғана қазір.


Есірткімен күрес шын жүргізіле ма?

Қараша 22, 2009

 

Егер мен есірткімен күресу керек немесе есірткінің таралуына жол бермеу керек десем менікі жай бір еріккеннің ермегі болып шығар еді.яғни артық айтылған,мыңдаған мықты тұлғалардың басын қатырған сөз болып қана қалады онда.ал менің айтпағым сол айтылып,ұрандалғанның бәрі неге іске аспайды онда?турасы сол есірткіні тоқтату үшін қаншама қаржы-қаражат бөлініп жатса да бұл сұмдық ағынның тоқталатын түрі жақын арада көрінбейді?демек мұнда бір жатқан құпия бар десек жаңылыспаймыз.есірткінің орталығы болған Ауғаныстанда  әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ.шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес.себебі Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқалы ауғандық  талибтер қорларын толтырып,қару жарақ сатып алып НАТО-ға қарсы шайқасын жалғастырады.ал егер талибтер шайқасын тоқтатса,онда Нато-әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды.олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр.яғни,талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес,бүкіл әлемге жария етеді де Американ және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалтырып,елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз.мұндай жағыдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады.гәп мынада:қазір американ әскерлерінің қарулар сапына келіп  түсіп  жатқан кез-келген қару жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді,мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ.және жай ғана сынап қоймай,шын жаулармен атыста қолданылып,неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді.мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды.ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан американ зымырандары Қытай мен Ресей  тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет.парсы шығананғындағы орналасқан американ әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса,ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне  қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан  тең келетін ешкімнің де әскері жоқ.қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады.қазір бұл фантазия емес,тек уақыт шешімі ғана болып қалды.өйткені ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет.ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын қанымдауға жеткілікті.сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор.ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр.ану Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі.сол жанкешті террористерді  дайындауға нақта бағыт пен материалдық көмек беріп,оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA).бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып,олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет.енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңістік елдеріне және сол елдер арқылы еуропаға жетеді.ал халықаралық  есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады.АҚШ үшін бұл ақша тұрақта түрде айналымдағы  американ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал.бұл айтылған себептер АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.ал Орыстар үшін ше?бұл есірткі таралымы Орыстар үшін де тиімді,себеп:Америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді.Орыстардың  әйгілі Калашниковы Террористер үшін теңдессіз әрі кез келген брондыжелетті тесіп өте алады,ал Орыс РПГ-сы АҚШ тың Хаммерларын жаруға таптырмайтын қару.енді онда сатылатын қарулардың оқтары  мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама  миллиардтаған сомаға тап боласың.ал әрбір өлген АҚШ солдаты Орыстар үшін тек қана ПЛЮС болып отырады.Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып,күл парша ететін гранатаметтар жасау үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.сол баяғыша Орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады.әлі де бір-бірімен жағалау үстінде.Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны,келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер.Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтын көрінеді.Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді.бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек.ал есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс,жасырын түрде.мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып,өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған АҚШ долларымен пайда табады.сондықтан ел не демейді деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы ақша-қаражат бөліп қойып,кейін оны мың еселеп қайтарып алады.ал есірткімен күресте ең үлкен жүк емес,ең кішкентай жүк пен ұсақ ұрылар ғана қолға түседі.оларды іздеумен айналысатындар айналып келіп сол баяғы жоғарғы көкеге жұмыс істейді мыс.міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қйындай береді.ал Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр:Астана- есірткісіз қала.оқып тұрып іштей ғана тамсанып:Қайран ақша!


әлемді шарпып өткен не құйын?

Қараша 4, 2009

 

 

Әлем

не құйын деисіз ғой?кәдуілгі құйыннан мүлде бөлек космостық құйын туралы айтып отырмын.жақында әлемді магниттік толқын шалып өтті.дер кезінде кім байқап,байқамағанын кім білсін!бірақ бәрі енді біліне бастады.бұрын соңды болмаған уақиғалар тіркелуде!әлемде ауру саны күрт өскен,тымау,ауру сырқау дегеннің не түрі пайда болып жатыр.климатта да күтпеген өзгерістер.Астанада көктемгі жаңбыр себелеп жатыр,жылда осы уақытта көк тайғақ болатын!ал тымаумен ауырмағандар өте аз болар,қалаларда инфекцияның таралуы өте жылдам.бұл бір жағынан біздің күн жүиесінің галактикадағы орын ауыстыруына да байланысты болар,яғни уақыт белдеуі сағат тіліне қарама қарсы айналып барады ғой.жаңа бір кезеңнің басталуы бұл!енді жаңа суықтар мен ғаламдық жылынудың небір ғаламат апаттарын әлем күтіп тұр!


осы кеденде,шекарада кім отыр?

Қазан 28, 2009

Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.Астана. 28 қазан. Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. “Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады”,- деді М.Жұманбай. Оның айтуынша, “мысалы, Ақтөбе облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Топтың құрамына “КНПЗ-Трейд” ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкері кірген. Бірінші саты сотымен мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруға “КНПЗ-Трейд” ЖШС директоры А. Ягодкин, мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға С. Ертаев, мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыруға С. Бектұрғанов және мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға кедендік бекеттің қызмтекері З. Магзом сотталды. Олар ұйымдасқан топ болып, шикі мұнайды композит деп, контрабандалық жолмен шығарып, мемлекетке 558 млн 400 мың теңге залал келтірген”. Қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, “Қызылорда облысында әрбіреуі 3 жыл бас бостандығынан шартты айыруға “Сункар 777″ ЖШС директоры М. Сейсенбайұлы мен “НЭК” НоваОйл” ЖШС директоры Е. Двуреченский сотталды. Олар тиісті лицензиясыз көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса, олар құны 46 млн. 950 мың теңгенің 946 тонна шикі мұнайын контрабандалық жолмен мазут ретінде шығармақ болған. Алынған шикі мұнай мемлекет пайдасына өндірілді”. Kazakhstan Today-мынаған қарап жай ғана қалу мүмкін емес.қойды қасқырға бақтырғанның кебі ма әлде амалсыздан жұмысты атқаратын АДАМ ның жоқтығынан ба?осы жастар ел болашағы деиді де осыншама сатқындық жасап жатқандардың орнына тағы бір баяғы коммунист келеді.ол да шама шарқынша ұрлық жасауға кіріседі.жастарға жауапкершілік жүктей отырып сеніп тапсырса жастардың қолынан келмеитіні жоқ қой.мынау ақпаратқа қарасаңыз ұрлық қылып жүргендердің бәрі баяғы коммунистік тәрбиені бойына сіңіргендер,яғни құдайдың қаһары мен елдің жағдайы оларды титтеи де ойландырмайды.


Жастар жарайсыңдар!

Қазан 12, 2009

кеше астананың Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы стадионында Қазақстан-Щвеция құрамалары ойнады.қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Павел Родненок болатын.ал төрешілер:Бошко Йованетич (Сербия),қапталдағы Йовица Савия и Йован Божович(бұлар да сербтер.)айта кетерлігі стадион толған жастардың айғайы мен қолдауы құрама үшін үлкен демеу болды.ойынның 15 минутында қазақстандықтар үшін сәттіз болды,Даутов сары қағаз алды.41 минутта щвед Ольссон ескерту қағазына ие болды.екінші таймның 49 минуты:Никита Калмыков сары қағаздың иегері болды.51 ші миут Қазақстандықтар үшін ең сәтті минут туды:Шабалин гол салды,өте тамаша гол!бірақ 88 минутта щвед Алмебек қарымты гол соғып өз құрамасын жеңілістен қорғап қалды.жарайсың жастар дедік!жиналған қауым разы болып тарасты жастарға!бұрындары ылғй да жеңіле беретін едік,енді тең түсудің өзіне де қуанатын болдық,мүмкін болашақта голды аз салдық деп ренжитін шығармыз.ертең Астана орталық стадионында Қазақстан-Хорбатия құрамалары ойнайды.онда орын тіптен қалмаған екен.демек Қазақстан құрамасы үшін жанкүиерлер көп болады деген сөз.


Астанада салтанатты шеру өтті

Қыркүйек 1, 2009

астанада АСА салтанатты шеру өтті.шеруге қатыспасамда мен де бардым көруге.адамның көптігінен парадтың қалай өтіп жатқанын да дұрыс бақылай алмадым.әитеуір зорға дегенде жеттім алдыңғы қатарға.бес қаруы сай, қазақ мемлекетінің туын көтерген сұсты әскерді көріп бір жасап қалдым.кеудені мақтаныш кернеді.айта кетерлігі мұнда барлық әскери пәрмендер қазақша өткенін тұңғыш рет көруім.жарасымды ақ екен.танктер жүріп өтер деп ойлаған едім,жай ғана артып алып өтті.шамасы жолды бүлдіреді дегені болар.одан соң аспанда су-31,миг 27,стратегиялық бомбалаушы,десанттық үшақтар,әртүрлі тік ұшақтар ұшып өтті.артынша су-31 истребителі аспанға тік көтеріле самғап әлденеше түрлі ұшу өнерлерін көрсетті.смерч деген осысмерч деген өлім себуші мағнасын береді


қазаққа жұққан ауыр дерт

Тамыз 7, 2009

қылмыскер болудан құдай өзің сақтай көр.атым алыстан үркісе жарар.мен сол бәлендей ешкімді ұрып немесе атып жатқаным жоқ.тек ойымды мазалайтыны-өз ырқымсыз қылымыс саналатын оқйғаларға  араласуым туралы.бұның бәрі біздің өмір сүріп отырған қоғамда қарапайым түрде өтіп жатыр.бірақ зардаптары аса апатты жағыдайға апаратынын ешкім де білмейді,білгісі де келмейтін сияқты.мен осыдан екі жыл бұрын емтихан тапсыруға құжат жинадым.арасында медициналық тексерістен өтуім керек еді.бірінші күні бардым.бірақ қалай екені белгісіз сол күні дәрігерлердің қолы тимеді.яғни өз жұмыстарын дұрыс атқаруға уақыттары болмады.екінші күні,үшінші күні де сол.әбден шершадым да кетуге ыңғайланғанда әлдебір адам маған бұл тексеріс туралы анықтаманы алуға көмектесе алатынын,оның аса қымбат емес екенін айтты.ал керек болса саған.алдымды емтиханға дайындық,мен болсам құжаттарды толық өткізгенім жоқ.комиссия уақыты бүгін бітпек.амалсыз оның айтқанын істеп,әлгі анықтамаға 1200 тенге төледім де алдым.алуын алсам да өзімді біртүрлі қылмыскердей санап жүрдім.содан бері бұл жемқорлық менің есімнен кеткен емес.бұдан басқа да толып жатқан жемқорлық фактілеріне мен талай рет жолықтым.бірақ ұятым мен арым жібермеді.мұндайға ешқешан жоламасқа,қолымнан келсе мұндай сорақылыққа жол бергім келмеді.содан да болар мемлекеттен жер телімін алуға қажет құжаттарды рәсімдеу үшін аттай екі жыл уақыт жұмсадым.ал меннен басқалардың айналасы 3 айдың ішінде барлық құжаттарды дайын еткенін өз көзіммен көрдім.бұған азаматтар еріксіз барып та жатыр,әдейілеп те барып жатыр.ойлана келе біздегі менталитет деген,мәдениет деген осы дедім.біз қазақтар мақтанғанда сұмдық мақтанамыз.намысшылмыз деиміз тағы?қайдағы намыс пара беру арқылы мемлекетке ауыр ауыр соққылыр беріп жатсақ.тек соққылыр ғана емес,бұл мемлекетті сатумен тең қылмыс.ар ождан мен намыстың жерге көмілуі.сол анықтаманы алғаным үшін өзімді дәл солай сезінетін болдым.біздің қоғам үшін бұл үйреншікті жағыдай болса да,кешірімді тек құдайдан сұрадым.тек осы жайт қана мені толғандырса қане?жақында менің танысым Спорт мұғалімі дипломын 220000 тенгеге сатып алғанын естіп не дарімді білмедім.ал Оңтүстіктен келген бір ағайын онда ақша болса бітпейтін шаруа жоғын айтып,Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сынақ кодтарының сатылатынын,оның құны қажет болған балл шамасына сай болатынын айтқанда айтар сөзім қалмады.енді міне деңіз:1.Астананың Қаржы Экономикалық колледжін бітірушілер үшін диплом бағаларын жақсы нәтижемен жаздыруға әрбір пән үшін 2000 тенге қажет болған.

2.Астанадағы Аграрлық техникалық университетін жақында бітірген бір қыздан мұндағы бір бағаның құны 5000 тенге тұратыны,диплом жұмысын сатып алу үшін оған 30000 тенге қажет болғанын естідім.айта кетерлігі мұнда пара алушылар арасында жастар аз.Пара алушылар бұрыннан бері,Одақ кезінен бері ойына не келсе соны істеп келе жатқан оқытушылар.орта буын өкілдері мен қартаң ұстаздар екен.Қазақстан сияқты алып мемлекеттің,алдыңғы дамыған елу елдің қатарына ұмтылып отырған елдің астанасындағы маңдай алды университеттің Профессорлары пара алғанда болашағымызды қандай етіп елестетуге болады?ал сол жерден бітіріп шығып жауапты қызметке орналасқандары ше?олар енді халықтың дәулетін басқармақ!міне масқара.

3.Астанадағы Медицина академиясы пара алу жөнінен алда көрінеді.менің естуімше жақсы баға алу 5000-20000 тенге аралығында.мұндағы студент не оқып озбақ,не қалтасындағы барын үлгерімін өтірік қойдыру үшін қағып бермек.мұнан кейін қайда барып емделерімізді білмеймін,кімге сенеміз?азды көпті сырқыраған ауруды аттай етіп операция столына алып ұрып сойып тастап қайтып тұрмай қалсақ қарапайым халықты артынан кім жоқтайды?

4.Астанадағы жол полициясының қолына түссең де қорқудың қажеті жоқ.көптеген жүргізушілерден естіп жүрмін.қаладан шыға беріс жолдарда кезігіп қалып,тәртіп бұзсаң 500-1000 тенге аралығында беріп құтылуға болады.кейбіреулер тіпті еш мін жоқ машинаның өзін тоқтатып,тырнақ астынан бәле іздеп жүріп тауып,қайткенде де азды көпті тенге жымқырытын көрінеді.

енді менің жасаған қортындым:пара алушылардың арасында жастар аз.пара алып мемлекет алдында сатқындық жасап жүргендердің бәрі коммунистік кезеңде тәірбие алып,ар мен ожданнің не екенін білмей өскендер.қазіргі жастардың 100 пайызы солардың жолымен жүрмесе де сол Бұрынғы коммунист ағаларымыз ортамызда әлі де өмір сүріп айналасын былғауда.әрине коммунистік кезеңде өмір сүргеннің бәріне кінә тағып,күие жағудан аулақпын.бірақ сол парақорлардың көпшілігін солар құрап отыр.ендігі елдің үміті тек жастарда.елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы:болашақ жастарда-деп қадап айтқанын бәрі біледі.тек мына бір аурудың жас таланттардың жолын бөгеп,елге қызмет етуге деген талпыныс пен күш жігерін құм етіп отыр.бұның зардабы обадан мыңдаған есе асып түседі.қоғамды жайлаған дерт-жемқорлық дегеннің бір көрінісі осы.сонау жылдары АҚШ әскері Иракқа басып кірер алдында Ирактың 60 генаралын сатып алғанын естігенбіз.ал осы қыста ақпарат құралдарында қазақстан әскерінің шенді тұлғасы қытай тыңшысына аса құпия ракета отынын сатпақ болғанда ұлттық қауіпсіздік коимтетінің қолына түскенін жазды.оның артынша Қорғаныс министрлігінің орынбасары бөлінген қаржыны талан таржы еткені үшін орнынын алынып жоғары жақтан у-шу шыққаны мәлім.осылай тізіп айта берсек мұндай естудің өзі ұят сатқындық әрекеттері жетіп артылады.енді темірдей жүректеніп осы дертпен қоғам болып қарсы тұрып,әрекетті бала бақшадан бастау керек ау дедім.сол балғындардың жүрек түбіне имандалық пен отанға деген сүиіспеншілікті қазірден сіңіріп бастаса ел ертеңіне үлкен демеу боларына мен өз басым сенімдімін.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.