Электромагнитті Импульсті Қорғаныс Әуе қорғанысының болашағы

Шілде 31, 2011

Маған тағы бір ой келді: егер жаудың әскери әуе күштерінен қорғану үшін тек зениттік қаруларға сүйенгенше сол аспанды толықтай жауып тұратын көзге көрінбейтін Импульсті Қорғаныс қабатын жасаса қалай болар еді? ол үшін импульс атқылайтын әлденеше энергия көздерін параллель түрде қарама қарсы орналастырып сосын нысана болуы мүмкін бағытқа төртбұрыш жасай атқыласа ауаға таралған ипмульсті энергияның таралуы нысананы 360 градустан қамтыған болар еді. Егер білсеңіз ипулыс таралған жерде барлық электрлі аппаратураның барлығы істен шығады әрі бұдан қорғану да мүмкін емес. Жоғары импулысті зонаға кірген жау ұшағы ешқандай атқылаусыз ақ істен шығады. Ал радарға көрінбейтін ұшақтар үшін жай ғана аумақты жауып тұратын ұялы телефон байланысын қолдануға болады. Бұл жүйе өте тығыз орналаса байланысқан сигналдар жабыны,егер ол бұзылса сол жер бірден анықталады, тіпті микро дәлдікке дейін. Одан әрі ол ұшақты радар, сосын ракета немесе ипульсті электромагнитті қаруға береді нәтижесі ұшақтың территорияға кіріп үлгермей құлауы болады.  Мұның бәрі тек Гипотеза ғана.

 


Аралды құтқару үшін Каспийден канал тартсақ

Шілде 31, 2011

Неге болмасқа? егер Каспииден аралға дейін канал тартсақ Арал теңізі жоғалтқан суын аз ақ уақытта толтырып алар еді ғой деймін де! әлде бұл ойым ертегіге ұқсай ма? ал бұл туралы халық не ойлайды екен?

 


Тірі металл туралы

Шілде 31, 2011

Айталық қазіргі адамзат технологиясының мүмкіндігі тірі металл жасауға жете ма? Тірі металл деген не ? Тірі металл клеткалардан тұрады, яғни адамның денесі сияқты. Егер бір жері бүлінсе аз уақыттан соң орны жазылады, ал кесірткенің геніндей құрамды болса бір бөлігі түсіп қалса қайтадан жаңасы өсіп шығады. Мысалға мұндай металл түрін қорғаныс саласына қолданса болар еді, ойлап қараңыз: Танктердің сыртын тірі металмен қаптаған, оқтар атылып танктің сыртқы қабатын тескілеп жатса да бүлінген жерлері аз уақыттан соң ақ орнына келер еді. Бұл Мүмкін! ал бейбіт өмірде бүлінбейтін автомобилдер, ескірмеитін құрылыстар мен басқа да металдан жасалатын заттардың үлкен бір буыны тұр. Бұл адамзат өміріндегі жаңаша құбылыс болар еді! ендігі генетиканың басты мақсаты металл мен биологиялық жаратылыстардың үйлесімділігін табу, сонда ешқандай қозғалтқышсыз ақ жүретін жартылай тірі машиналар өмірге келер еді……тағы басқа да ақыл жеткенге дейінгі қиялдар!

 


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.