Осама Бен Ладен АҚШ үшін енді ешқандай қажеті жоқ мағнасыз тұлғаға айналған соң оны қатардан шығару, яғни бір басы артық әуреден оңай құтылу және сол арқылы ақүй үшін ықпал жинау мақсатында жасалған болар деп ойлаймын. Негізі осыған дейін Бен ладен Орталық барлау басқармасының тапсырмалары мен инструкцияларымен жұмыс істеген, сонау Кеңес-Ауған соғысынан бері. Кейін бұлардың көзқарастары өзгергенмен Бен Ладен іс жүзінде АҚШ-тың агрессиялық саясаты үшін өзінің тікелей жұмыс істеп жүргенін байқамаған болар. Сонымен ол өлді әлде өлтірілді. Арғысы АҚШ Бен Ладеннен құтылғанмен ол туралы бүкіл әлем ақпарат құралдарында жария болып жатыр, әсіресе бұл құбылыс араб елдерінде көбінесе оны батыр ретінде қабылдауға себеп болуы мүмкін.
Ливиядағы өлген балалардың өліміне НАТО жауап беруі қажет кезде Бин Ладен де өле қалды.Әйтеуір дәл уақытын таба қалды