Жоспарды іске асыру қиын ба?

Мамыр 8, 2011

Менің ойымша бұрын қиын сияқты еді. менің әрбір ойлағанымды іске асыруым 99:1 болатын. Демек адам ойлаған жобаны іске асыруы үшін оны тек басында ғана сақтап жүрсе кейін ол ұмытылып қалатыны сөзссіз, алайда ұмытпай жоспарлы қимылдайтын адамдар да болар, бірақ ондай адамдар аз. Және олардың көбі қазір дәулетті адамдар. Мен осы мақсатпен өз ойлаған жоспарларымды іске асыру үшін оны қағазға жаза бастадым, ең қарапайымынан бастап. Жәй ғана күнделікті тірліктің өзін жаоспарлып жүру кейін келе одан да күрделі жоспарларды қиналмай іске асыруға көмегін тигізеді екен. Не туралы болмасын жоспарыңыз болмасын, ол іске асу үшін қағазға жазу қажет. Ойлаған ой визуалды күйден материалды күйге ауысса мақсатқа деген бірінші қадам жасалған болады. Мен нәтижесін көре бастадым. байқап көріңіз.


Дыбыс Драйвері Audio Driver неге керек?

Мамыр 7, 2011

Бұл драйвер тек кейбір компьютерлер үшін ғана қажет. Ол компьютерлердің С дискісін форматтаған соң болатын проблема немес байқамай өшіріп алғанда. Өзі көп орын да алмайды, оны орнату да көп қиыншылық емес. тек қолда болса болғаны, алайда көптеген комп пайдаланушылар осы мәселеге кез болып жатады, сосын ақша төлеп өзге біреудің көмегіне жүгінеді. Егер сізде компьютеріңіздің дыбысы аяқ астынан шықпай қалса, немесе оның С дискін форматтап, С дисктен байқамай дыбыстық системалық файлдарды өшіріп алсаңыз т.б жағдай болса онда аудио драйверді ауыстыру керек. Бірақ кейбір комп өндірушілер бұл проблеманы толық  шешкен. Қолыңызда дыбыстық драйвердің орнатушы бағдарламасы болмаса, онда сіздегі компьютерді жасаған компанияның сайтына кіріп, қолдау бөлімінен қажетті драйверді тегін көшіріп алуға болады, тек сол компьютердің дәл сол компанияның өнімі екенін растайтын кодын енгізу қажет, ол код компьютердің астынғы бөлігінде.


Қазақша диплом жазу немесе Универді қазақша оқып бітіру туралы

Мамыр 7, 2011

Қазақша диплом жұмысын жаузға бұрын соншалықты көңіл бөлмеген екенмін! нағыз қарбалас тірлік пен қиындық сонда жатыр екен ғой. Әуелгі қиындық қажетті әдебиеттерді таңдап алып, ашып қарастырғанда пайда болды, арғысы бұл әдебиеттерді университеттің әдістемелік нұсқаулығынан табасыз. қиыны сол, барлық әдебиеттер орысша әрі оның бәрін кім жазып отырады? әрине бәрін жазып отыратын адам аз болар, бірақ бар да шығар. Ендігі қиыншылық интерннеттен материал іздеу болды. Ары іздеп, бері іздеп GooGle-ге разы болдық, бірақ ренштісі сол Қазақша материалдар жоқтың қасы болса да GooGle шамасынша ұқсастарын іздеп бақты. Сосын амалдып жүріп интернет кітапханалардан іздеп бастадым, бірақ тапқан кітаптармыз PDF форматында болып  шықты.? енді бұл кітаптардың бетіндегі текстті белгілеп алып көшіруге келмейді екен. Бұл қалай деп ары-бері жағаласып ештеме шықпады. Сосын шешімді GooGleден іздедім,таптым. PDFXC Viewer дегенді іздеп таптым, тегін көшіріп алдым. Онда тура көз алдымда белгілеп, көішретін нұқауыш тұр. Осылай көптеген материалдарды көшірдім, енді бір 10 бет орысша материал менің әлі бір апта еңбегімді күтіп тұр. Ал диплом жазатын адамға ақылым, асықпай күніне 4-5 беттен тұрақты жазып отыру керек, жалпы тұрақты жұмыс жүрсе тез бітеді.


Windows Операциялық жүйеcін Қалай ауыстыруға болады?

Мамыр 4, 2011

LogoОперациялық жүйе немесе windows-ті қалай орнатуға немесе ауыстыруға болады? жалпы бұл оңай ма? Әрине оңай және өте оңай! әдетте windows-ты ауыстыру көпшілік үшін қиындық тудырып жатады. Көбінесе Операциялық жүйенің ауыстырылуы бірден системда тұрып жасалуы қиын әрі бұл үшін біраз жұмыстар жасау қажет. Негізі системды ауыстыру компьютермен жұмыс істеп отырған уақытта мүмкін емес, бұл үшін арнайы операциялық  Системаны орнатуға арналған диск болады (установочный диск) және оны қолдану үшін компьютерге  дискті салу керек, сосын компьютерді өшіріп қайта қосу керек. Компьютер қайта қосылған кезде экранда press any key to cd or dvd disc деген жазулар пайда болады. Кез келген пернені басыңыз, сосын операциялық жүйені орнатуға арналған меню ашылады да одан әрі нұсқаулық бойынша жүріп отырыңыз. Операциялық жүйе орнатылу барысында компьютер әлденеше рет өшіп қосылады, бұл сіздегі компьютердің неше ядродан тұратынына байланысты. Ең соңында диск тілі орысша болса Завершение установки (complete setup) деген жазу тұсындағы процес толық 100%-ды құраған кезде дискті компьютерден шығарып алыңыз. Осыдан соң компьютер қайта өшіп қосылады да одан әрі әдеттегідей автоматты түрде қосымша баптаулар жасалады.


Made in Germany: Орыстар енді осындай танктерге отырады

Мамыр 3, 2011

Ресейдің құрлық әскерлері қолбасшысы Александр Постников орыстар үшін өте жағымсыз бірақ тиімді мәлімдеме жасапты: Енді орыстардың ең мықты деген Т-90 танктерін орыстың өз әскері үшін сатып алмайды, бұл танктер техникалық және жарақтану жағынан НАТО және Қытай танктеріне тең келе алмайды. Ресей алдағы уақытта бұл танктерді немістің “Леопард 2A6″ танкісіне ауыстырмақшы. Немістің бір мұндай танкісі 6 млн АҚШ доллары тұрады. Бұған қоса алдағы уақытта Ресей Франциядан Тікұшақтар алып жүретін жаңа кеме сатып алмақшы. Ендігі сұрақ Қазақстан өз әскері үшін танкті Орыстардан сатып ала ма? әлде өзіміз жасаймыз ба?


Осама Бен Ладен АҚШ үшін енді қажет емес!

Мамыр 2, 2011

Осама Бен Ладен АҚШ үшін енді ешқандай қажеті жоқ мағнасыз тұлғаға айналған соң оны қатардан шығару, яғни бір басы артық әуреден оңай құтылу және сол арқылы ақүй үшін ықпал жинау мақсатында  жасалған болар деп ойлаймын. Негізі осыған  дейін Бен ладен Орталық барлау басқармасының тапсырмалары мен инструкцияларымен жұмыс істеген, сонау Кеңес-Ауған соғысынан бері. Кейін бұлардың көзқарастары өзгергенмен Бен Ладен іс жүзінде АҚШ-тың агрессиялық саясаты үшін өзінің тікелей жұмыс істеп жүргенін байқамаған болар. Сонымен ол өлді әлде өлтірілді. Арғысы АҚШ Бен Ладеннен құтылғанмен ол туралы бүкіл әлем ақпарат құралдарында жария болып жатыр, әсіресе бұл құбылыс араб елдерінде көбінесе оны батыр ретінде қабылдауға себеп болуы мүмкін.


2012-2020 жылдары: Соғыс әлде экономика

Мамыр 2, 2011

Ғаламшарда өмір сүріп жатқан адам саны үшін қажетті азық-түлік, энергоресурстар алдағы онжылдықта тіптен азая түспекші. осыған байланысты адамзат тарихындағы ең ауқымды әрі ең жылдам соғыстар орын алуы мүмкін. Бұл соғыстардың өтетін аймақтары: Ресейдің Шығыс-Сібір өлкесі, хабаровск мен Сахалин аралын Қытай мен Жапон әскері басып алуы мүмкін. Бұл соғыс болса Қытай әскері Орыстардың ескірген әскерін сөзсіз тас-талқан етеді. Ал мұндай қауіп Қазақстанға да төніп тұр. Біздің Оңтүстік аймақтарға қытайдың тарихшыларының таласы барын бәріміз білеміз әрі осы аймақтарда қытайға баратын мұнай құбырлары өтеді. алдағы уақыттарда осы мұнайға қатысты ши шықса Қытай жақтан бізге анық қауіп төнуі мүмкін. Ал біздің Әскеріміз Қытайдың бір дивизионына да қарсы тұра алатын халде емес, өз елімізде танк тұрғой жай атыс қаруын жа шығара алмаймыз. Әскерде тәртіп жоқ, күнде армияда асылып қалған сарбаздар туралы даулар ғана қаттырақ естіледі.


Ливия соғысы: АҚШ пен Қытайдың қақтығысы ма?

Мамыр 2, 2011

Ливия екі түйенің ортасында қалды. Екі түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі деген осы екен. Егер осыған дейін Қытайдың Ливиядағы энергоресурстар үшін өте көп инвестиция салғанын, осы елде 30000 қытайлық жұмысшының болғанын ескерсек, алғашқы НАТО бомбалауынан кейін ондағы барлық қытайлық инвестиция желге ұшты, осы өңірлердегі қытай экономикасы үшін ыңғайлы болған елдердеің барлығында билікке қарсы толқулар әлі күнге дейін жалғасуда. Осы толқулардың барлығын CIA – орталық барлау басқармасы ұйымдастырғанын анық аңғаруға болады. Енді АҚШ әлемнің Қытай үшін маңызды энергетикалық елдерде көтеріліс жасау, үкіметті ауыстыру және демократиялық көмек беру жолдарымен Қытайды ығыстыру және осы орындарды АҚШ компанияларына алып берумен айналысып отыр.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.