Mp3Raid music code

Сәуір 13, 2010

three 6 mafia lil freak mp3 | lyrics

free music downloads | music videos | pictures

Ойынның ар жағында не бар?

Сәуір 13, 2010

Frontline-fuel of war осы ойынды ойнап көрген бар ма? болса бұл ойында қандай мағына жатқанын анық көрер еді: Ойынның басты желісі бойынша Ресей мен қытай,бұрынғы одақ елдері қайта әскери одаққа кіреді де Америка мен Еуропаның әскеріне қарсы мұнай үшін шайқасқа түседі.Ойыншы бірден АҚШ әскеріне түседі,одан әрі ойнағанда Қазақстанның Шымкент қаласында арнайы операцияға қатысады,Шымкент көшелерінде қанды қырғын жасайды,ойынды жеңу үшін.


Менде несі бар?

Сәуір 13, 2010

Ой қазақтар ай,менің блогыма біреу өте көп жазасың,түсініксіз т.б көңілінен шықпаған жерлерін жазыпты.Несі бар,бұл мен.Мұнда менің ойларым,менің көзқарасыма жақын ойлар ғана жарияланады.Мұнда менің жеке мекенім.Бұл блогтың мақсаты да сол,егер біреуді өтірік айыптап жазсам заң алдында жауап беретінімді де білемін ғой ағайын.


Путиннің арманы

Сәуір 13, 2010

Путин совет одағының тарауын ең бір үлкен қасірет  деп атағанын білеміз,ал қазіргі болып жатқан жағдайларға қарап осы Путин бұрынғы одақты қайта тірілтуге ұмтылып жүр ау деп ойлауға болатын сияқты,ал сол одаққа бірінші болып Белоруссия кірер.Екінші кім?


Кедендік одақ арқылы Ресей өз гегемониясын қалпына келтіруге ұмтылуда

Сәуір 12, 2010

Мәсімовтың көзі Путиннің алдында шарасынан шығуға жақынКедендік одаққа енген Қазақстан экономикасының Ресей экономикасы тарабынан жасалатын қыспаққа төтеп беру қабілеті төмендеп кетуі мүмкін деп ескертеді талдаушылар. Бұл одаққа енген соң Қазақстан тәуелсіздігінің аясы біршама тарылды және болашақта одан әрмен тарыла түсуі ықтимал. АЛДА БҰДАН ДА ТЫҒЫЗ ОДАҚТАСУ ТҰР Қазақстан, Ресей мен Беларусь кедендік одақ аясында өз аумағында жалпыға ортақ кеден тарифін енгізді. Жақын болашақта осы мемлекеттер арасында бұдан да терең деңгейдегі одақ құру көзделген – яғни 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Кедендік одаққа бірігу туралы келіссөздер көп уақыт бойы жүргізіліп келді де осы жөніндегі шартқа қол қою нәтижесінде іс жүзіне асты. Ол келісім-шартқа өткен жылдың қараша айында Беларусь астанасы Минскіде үш мемлекет президентінің кездесуі барысында қол қойылған болатын. Мұндай бірігу жөніндегі шешім 2007 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (ЕврАзЭС) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында қабылданған еді. Қырғызстан мен Тәжікстан да бұл топқа мүше болып саналады. Қазақстан басшылығының айтуынша, аталған кедендік одаққа ену сауда айналымын өсіреді, инвестициялық ахуалды жақсартады әрі басқа да артықшылық әкелмек-мыс. Мұндай артықшылықтар, деп сендіреді ол басшылық өкілдері, кедендік одақ аясында жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы нәтижесінде пайда болмақ. Алайда, кейбір сарапшылар «Қазақстан бұл одақтан пайда түсіреді» деген Назарбаев командасы шенеуніктерінің оптимистік сөздеріне кереғар пікір білдіруде. Олар кедендік бөгетті алып тастау жергілікті нарыққа импорттық тауардың ағылып келіп, отандық өндірушілердің тұғырын әлсіретіп жіберуі мүмкін, деп отыр. Сонымен қатар, бұл құбылыс ақшаның құнсыздануын өршітуі ықтимал. БҰЛ ЖАҢАРТЫЛҒАН СОВЕТ ОДАҒЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ МА? «Мен Қазақстан кәсіпорындары ресейлік кәсіпкерлер тарабынан келетін бұрынғыдан да күшті қысымға төтеп беру үшін даярлық шараларын қолдануы керек деп ойлаймын, – дейді сарапшы Досым Сатпаев. – Ресейдің зор табиғи байлық қоры, оның салыстырмалы түрде айтқанда жақсы дамыған өнеркәсібі әрі бәсекелесуге қабілетті өнімдері келер үш не төрт жыл ішінде Қазақстан нарығында артықшылыққа ие болуы ықтимал». Сатпаевтың сөзіне қарағанда, көлемі ықшамырақ Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылығы өнімдері мен сүт өнімдері сапа, дизайн және маркетинг параметрі бойынша Ресей мен Беларустің осындай өнімдерінен артта қалады. «Бүгінгі күйіндегі әрі бұл түрдегі интеграция процестеріне біз даяр емеспіз», деп атап көрсетеді Сатпаев. Әлеуметтанушы маман Ғазиз Насыров та Досым Сатпаевтың пікіріне қосылып отыр. Насыровтың айтуынша, үш ел басшылары одақ құру әрекетін Еуропа одағынан үлгі алу ретінде көрсетпек болса да, шындығында мұндай салыстыру орынсыз. Себебі, бұрынғы совет республикалары экономикалық дамудың төменгі сатысында тұр. Осы себептен аталған одақ аясында одаққа мүше бай мемлекеттер одақтағы кедей елдерді қаржыландыруға қауқарсыз болып табылады. «Мен кедендік одақтың біздің елдерді гүлдендіруге алып келеріне күмәндімін, – дейді Насыров. – Еуропада ортақ одаққа бірігер алдында ондағы мемлекеттер ұзақ жылдар дербес дамып, экономикалық гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізді. Бұл ортақ құндылық салтанаты үшін Еуропа одағына мүше мемлекеттердің бір одаққа бірігу кезінде аталған елдер экономикасы дамуының әркелкілігін сәтті еңсеруді қамтамасыз етті». Сарапшы әрі журналист Эдуард Полетаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елінің ірірек әрі күштірек көршісі Ресей тәрізді мемлекетпен кедендік одақ жасасу туралы шешім қабылдауында белгілі астар бар дейді. Оның айтуынша, ол астар экономикалық мұратпен қатар, саяси мұратты да көздейді. «Бұл ең алдымен саяси іс-әрекет болып табылады», – деген пікір білдіреді ол. Совет Одағы күйреген 1991 жылдан бері Назарбаев табанды түрде Мәскеумен тығыз байланыс ұстап келеді. Полетаевтың сөзіне қарағанда, оның стратегиясы елдің солтүстігінде ұйысып қоныс тепкен орыстардың этникалық тобына ықпал етуді де көздейді. Яғни, Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстанда өз болашағы бар екенін орыстардың айқын сезінуі үшін, жан-дәрменімен қимылдап келеді. ТАБАНДЫ ТИРАНДАРДЫҢ ОДАҒЫ СӘТТІ БОЛА МА? Полетаевтың айтуынша, кедендік одақты құрудың бір оң нәтижесі болады. Ол нәтиже мәнісі мынадай: егер одақ құрылмаған жағдайда елден шетелге көшіп кетуге даяр адамдар, одақ құрылғаннан кейін ол райынан қайтады. Себебі, дейді ол, өмір сүру деңгейі одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара теңелуге бағыт алатын болады. Досым Сатпаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы советтік көрші елдермен байланысты нығайтуда ерекше белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етеді. Ал басқа аталған мемлекеттер басшылары мұндай қадамға баруға салқын қарап келеді. «Назарбаев өзін ТМД аясындағы интеграциялық процестің дем берушісімін деп санайды. Ол кедендік одаққа өз іс-әрекетінің нәтижесі деп қарап, оған өз баласындай көңіл бөліп отыр», – деген тұжырым жасайды сарапшы. Орталық Азияның ең бай әрі ең табысты экономикасын, яғни Қазақстанды өзінің ықпал ету әрі басым болу аумағына тарту Мәскеудің геосаяси мүддесіне сай болатыны өз-өзінен түсінікті нәрсе, деп жазады «Эйша таймс онлайн». Қырғызстан 1998 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып енген болатын. Сонымен қатар, кедендік одаққа мүше боп ену де ол үшін бірқатар артықшылық бермек. Қазақстан мен Ресей бұл Орталық Азиядағы аумағы ықшам, халқының саны аз мемлекеттің басты сауда әріптесі және инвесторлары болып табылады. «Қырғызстан таяу уақытта кедендік одаққа қосылады. Ол одаққа одан кейін Тәжікстан да енбекші, – деп түсіндіреді Досым Сатпаев. – Сол кезде, Мәскеудің аймақтағы өзінің басым мәртебесін қалпына келтіріп жатқандығы жайлы сөздің жаны бар екендігі айқындалады».    Ақпарат azatti.org сайтына тиесілі және рұқсатымен жарияланды.


Бұл деген Арбиған қара мүйіз!!!

Сәуір 9, 2010

енді төмендегіні оқыған болсаңыз өзіңіз ақ түсіне беріңіз: Жастарды үкімет бірден қорқытты деп қана түю керек.Ал енді екпінді жастарды оқитын оқу орындарынан қудалауды кім жүзеге,қалай жүзеге асырады оны уақытында көретін боламыз.жаңалық күтеміз алматыдан.


Жастар билікпен жабық есік жағдайында мәмлелесе келе алаңға шықпайтын болып шешті

Сәуір 9, 2010

Бүгін Алматы қаласының әкімдігінде Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов пен қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Алматыда сәуірдің 11-і күні шеруге шықпақ болған жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Жастар мұны жеңіс деп бағалап отыр.


ЖАСТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ МЕ, ЖЕҢІЛІСІ МЕ…

Жұма күні Алматы қаласының әкімдігінде өткен жиынның нәтижесінде алдағы жексенбіде жоспарланған «Біз өзгерісті қалаймыз!» атты жастардың алғашқы жалпыұлттық жиыны өтпейтін болып шешілді.

- Біріншіден, алдыңғы жазған екі хатымызға жауап алдық. Екіншіден, билік өкілдерін диалогқа шақырған болатынбыз, ол да бүгін өтті. Сондықтан біз жексенбіге жоспарланған жастардың жалпыұлттық жиынын өткізбеу туралы шешім қабылдадық, – деді біздің радиомызға түсініктеме берген «Рух пен тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамай.

Әкімдіктегі Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановпен кездесуге жастар жиынын өткізбекші болған он беске тарта белсенді қатысты.

“Рух пен Тіл” клубының жетекшісі Жанболат Мамай. Алматы, 9 сәуір, 2010 жыл.

- Қала әкімшілігі жанынан комиссия түзіліп, үлкен ұйым құрылады. Сол ұйымның қатарына көптеген жастар ұйымдары шақырылып, бізді қолдайтындары қосылады. Сол жерде өзімізді мазалап отырған, студенттердің, жастардың талаптары, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз ойымыз бен көзқарасымызды айтатын, соны билікке жеткізіп ықпал ететін бір орталық құрамыз деген тоқтамға келдік, – деді Ж.Мамай.

Сәуірдің 11-і күні Алматыдағы алаңда наразылық шарасын емес бейбіт жиын өткізбек болғандарын айтқан жастар, билікке өз талаптарын жартылай болса да орындатқандығын өздерінің жеңісі деп бағалап отыр.

КОНСТУРКТИВТІ ДИАЛОГ…

Әкімдікте бір жарым сағатқа созылған жиынға журналистер жіберілмеді. Кездесу аяқталған соң журналистер алдына шыққан Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов қаладағы жастар ұйымдарымен «конструктивті әңгіме өткізгендігіне риза» екендігін жеткізді.

Білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов, Алматы, 9 сәуір, 2010 жыл.

- Мен біздің көзқарастарымыздың бірқатар тұстары сәйкес келгендігін атап өткім келеді. Министрілік те жастар сияқты ЖОО басқару қатарында студенттерді көбейтуді көздейді. Біз, жастарға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын жалпы республикалық диалог алаңын құру туралы шешімге келдік. Меніңше бұл екі жаққа да тиімді, – деді вице-министр.

Ол сондай-ақ «бүгінгі жастардың мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтындығы және болып жатқан жағдайларға жауапкерлішікпен қарайтындығы қуантады», – деп атап өтті.

Айта кету керек, жастар мәлімдемесінде көрсетілген басты бір мәселе -кедендік одаққа қатысты еді. Ол алда құрылатын диалог алаңында талқыға салатын алғашқы тақырып болады деді вице-министр.

“БОЛҒАНЫНАН БОЛАДЫСЫ ҚЫЗЫҚ”

Жастар жалпыұлттық жиынға шығуды бір жарым ай бұрын жоспарлған еді. Бірақ қала әкімдігі оларға рұқсат бермеді.

Сәурдің 6-сы күні олар арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жиынды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде билік тарапынан кедергілер жасалып та жатқандығын мәлімдеген еді. Жастарға қолдау танытқандарды белгісіз біреулер үркітіп-қорқытса, жиынға арналған ақпараттық үнпарақтарды баспаханалар басудан бас тартқан.

Мұның сыртында жастардың жалпыұлттық жиынына қатысты бір топ зиялы қауым өкілдері ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазған болатын.

«Ертеңгi ұрпақтың алғашқы буыны – қазiргi жастарымыз. Олардың өмiрге көзқарасында: аңғарымпаздық, талғампаздық, құштарлық, адалдық, әдiлеттiлiк, ал iс-әрекеттерiнде алымдылық, белсендiлiк басым. Алдымыздағы сәуiр айының 11-i күнi Алматының Астана алаңында бас қосуды, жиын жасауды ұйғарысқан жеткiншектерiмiз осы қасиеттерiн баршаға танытып, қоғамымызда болып жатқан төзгiсiз кемшiлiктердi атап-атап көрсетiп, оны жою жөнiндегi талап-тiлектерiн ашып айтпақ. Ол – Келешек иелерiнiң, Келешектiң сөзi десек, Сiз сол сөздi тыңдаңыз!»,- делінген хатта.

Соғыс және еңбек ардагерлерi: Кiтапбай Бошаев, Сапабек Әсіпұлы, Қадыр Мырза Әли, Камал Ормантаев сынды бірқатар зиялы қауым қол қойған хатта «жергiлiктi билiк орындарының жастардың iзгi ниетiне қиянат жасауына, жиынын күштеп таратуына, жаза қолдануына жол бермеңiз! Құрметтi президент! 1986 жылғы желтоқсанда балаңыздай жастар қырғынға ұшырады, ендi немереңiздей жастарды қырғынға ұшыраудан сақтауды ойлаңыз!», -делінген еді.

Енді міне аға буын өкілдері үміт артқан аңғарымпаз, талғампаз, алымды да, шалымды қазақ жастарын райынан қайтаруға биліктің бір жарым сағаттық күш-жігері жеткілікті болып шықты.   Азаттық радиосынан   www.azattig.org


Қырғыз төңкерісінің дабылы дүниеге жетсе де, көршісі Қазақстанға естілмейді

Сәуір 9, 2010

Қырғызстанда бес жыл бұрынғы халық толқуы тағы қайталанды. Бұл жолы қантөгіске жол берілді. Бакиев Орта Азиядағы басқа әріптестері сияқты өз өктемдігін күшейтумен айналысты, ондай биліктің ғұмыры әрдайым қысқа дейді қазақстандық сарапшылар.

Сәуірдің 8-де Қырғызстанда уақытша үкімет құрылып,  президенттің, Жоғарғы кеңестің, парламенттің міндеттерін өз мойнына алғандығын жариялады. Бұл арада елдің оңтүстік өңіріне бас сауғалап кеткен президент Құрманбек Бакиев биліктен оңайлықпен кетпейтінін мәлімдеді.      www.azattig.org сайтынан


Қырғызстанға Ресей азаматтарын қорғау үшін әскер аттандырды

Сәуір 9, 2010

кеше Ресей  Қырғызстанға ондағы ресей азаматтарын қорғау үшін саны 150 адаман тұратын десанттық бригаданы аттандырды.Олардың мақсаты өз елшілігі мен уақытша қырғыз жерінде жүрген орыстарды қорғау.Тек қана Ресей азаматы деген сөз жоқ,жалпы орыс деген мағына ғана ТМД аумағында Ресей үшін маңызды.Ұлты орыс болса болды,жеке ел ма,жоқ ба оған қарамайды.Грузия сияқты баса көктеп кіруге құштар,бұрын тізесін батырып үйреніп қалған ғой.


Янукович Мәскеуге барды

Сәуір 5, 2010

Украина президенті Виктор Янукович дүйсенбі күні Мәскеуге жеке сапармен барды. Бұл оның бір ай ішінде Ресейге жасап отырған екінші сапары.Ал жақында ол Украинаның  НАТО ға мүше болуға асықпайтынын,бірақ қазіргі қол жеткізілген байланыстар үзілмеитінін мәлімдеген еді.Шамасы украин президенті жаңасынан үиренген ескім артық дегенді дұрыс көрген сияқты.Ол осы жолмен украинамен болған газ дауы мен қара кырымға деген орыстармен арадағы жер дауын оңтайлы шешпек тәрізді.


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.