Осы жылы Нұр-Отан партиясының Жас-Отан жастар қанатымен бірлесе отырып Дипломмен ауылға деген жобаны бастады.Бір қарағанда ақылды шешім сияқты,қазақ халқының негізі ауылдан шыққан әрі сол алтын мекен саналған ауылда халықтың көп бөлігі тұрады.шамамен 60 пайыз халық әлі күнге ауылда тұрады.Енді анықтап ойланып көрген адамға бір нәрсе анық болады: ау қазақ халқы қаншама ғасыр ауылда,көшпелі тірлікте жүріп отырықшы халықтардың өркениеті мен ғылым білімінен кейін қалып ақыр аяғы қолымыздағы найза мен шоқпармен мылтық ұстаған Орысқа қарсы тұра алмай қырғынға ұшырап,сол ғылым мен білімнің жоқтығынан осы 1990 дейін бұратана халық саналып,империяның қол астында 300-жыл езіліп келдік емес пе?1932-1938 жылдардағы аштықтан қырылып қалған 4 миллион қазақты қалай ғана жайдан жай жоқ болып кетті деп айта аламыз?Ал қазір Одақ кезінде мектеп бітірген қазақ жастарын үш жыл бойына мал бағуға жіберіп,содан кейін ғана жоғары оқу орнына түсуге рұқсат етілгенін осы күнгі орта буын өкілдері жақсы біледі.Мұндағы қитұрқы саясат қазақ халқын қалалық өңірлерге,ғылым мен білімге жолатпаудың жолы.Қала-өркениет пен ғылым ортасы,мұнда барлық ғаламдық тәжірибелер табысады,тәжірибелер алмасылып,ғылым мен білімге кең мүмкіндік қалыптасады.Сол одақтан қалған кертартпа ойды қазаққа қайтара таңудың кімге қажеті болды? жаңа ғана диплом алып білім шыңына ептеп аяқ басқан жастар ауылға барған соң қайтадан тұйықталып қалатынын жақсы білетін әлдекімдер қалай да болсын қазақ ұлтын аздыруға шындап бекінген! Қазақстан территориясының жер жүзіндегі үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатынын ескерсек осыншама аумақты заманауй коммуникациямен жабдықтау деген қазіргі жағыдай үшін тек күлкілі әңгіме ғана!Есептеп көрсек интернеттен тартып телефония,газ,жарық,жол осының бәрін бүкіл республика аумағына алдағы бір ғасырда толық тарту мүмкін емес!ал мұндай жағыдай жасалмаған жерде қандай білімді адам болсын кәдуілгі мәңгүртке айналады.Керісінше қазақ ақаланы басып алуы керек,Қазақстан қалаларында 90 пайыз қазақтар тұруы тиіс!бұл стратегиялық жағынан да,ұлттық қауіпсіздік жағынан да өте қажет нәрсе.Жай ғана қарасақ қалалық жердің тұрғындарының көбін орыстар құрайды,қалған ұсақ ұлттарды айтпағанда.Ал қазақ мемлекеттігінің негізін сақтау үшін қалада қазақтардың көп тұруы ешқандай даусыз жағыдай.Егер қалада қазақтар тұрмаса ғылым мен білімге,ұлттық бизнеске кім үлес қоспақ?Қалаларды кім басқарады? Орыстар ма? Ал оларды көрдік қой, В.Храпунов қазақтың бар байлығын алып Щвейцарияға қашып кетті де қалды,ал саған күйеу бала керек болса.Ол енді піл сүйегімен қапталған үйде тұрады.Оның артынан іздеген жан болды ма?ойбүй дедік де қойдық.Бұл жерде үкімет бүйтіп ақталады:Қалаға келген жастар лайық жұмыс таба алмай қылмысқа барады,тұрғын үйге жастар қол жеткізу қыйын….айта берсек тізіле беретін көп мәселелер.шын мәнінде адамзаттың қол жеткізген жаңалықтарының барлығы осылай тұрмыстан қыйындық көрген жастардың қолымен жасалған.Мысалға Билл Гейтс,Пепси Кола,Генри Форд сияқтыларға ешкім жақсы жұмыс пен жайлы пәтер бермеген,бірақ олар қолды бір сілтеп ауыл шаруашылығына кетіп қалған жоқ қой,олар керісінше әлемдегі ең бай адамдарға айналды.Егер шашырап жатқан қазақ халқы қалаларға жиналып,ешбір жобасыз орналасқан ауылдардың саны азайса оларға бола шығындалатын қаржы қаражат та азаяар еді, тек қалаға жақын орналасқан ауылдарға шоғырлану болады да ондай ауылды мекендерді тұрмыстық қажеттіліктермен қаматамасыз ету қыйынға түспес еді.Ауыл шаруашылығанда тек ірі шаруашылықтар ғана қалып немесе ірі кооперативтерге бірігер еді.Олар ендігі жерден мемлекеттен көмек те сұрамас еді,өйткені жеке компаниялар өз қаржылық жағыдайын өздері шешіп алар еді.Ал Дипломмен ауылға деп ұрандаған Нұр Отандықтар қазақ халқының алдында ғасыр қылымысын жасап жатқандарын өздері білеме әлде білмей ме?Олардың осылай әйшүйге қарамай желігуіне кім арқау болып отыр?Мүмкін Ресейден астыртын бұйрық алатын шөңгелер шығар?Тұтастай бір буынды мәңгүртке айналдыру қылмысы бұл!
Posted by aelaman