Жаңа жылды жаңа өмірмен қарсы алдым-үйленіп үй болдым! қызық екен дейін десем бұл да бір сынақ басы екен.Әйтеуір басы күлкілірек болып басталып жатыр,әйеліме қалжың айтудан басқа артық ауыс сөз әзірге жоқ болып жатыр!
Үштік кеден одағы-Тәуелсіздікке төнген үлкен қауіп!
January 23, 2010Кеден одағы-бұрынғы кеңес одағы құрамын қайтадан өзіне тардуды ойлаған Ресейдің империалистік жымысқы ойының нақты нәтижесі!енді қуырдақтың көкесін сиыр сойғанда көресіңнің кері болады!қазақстанда орыстану мен ұлтсыздану одан әрі кең етек алып,мемлекеттің ұлтаралық келісім деп жүрген далбаса ойлары әдрем қалады да қазақтар екінші желтоқсанға дайын болуы керек шығар.Осы үкімет құрамында Қазақ елінің,Қазақ жерінің Ресеиге бағынышты болуын көкскп жүрген бір топ бар ау деп ойламайсыздар ма?енді қазақ халқының жаңадан түзеле бастаған руханй әлемі тағы да ОРысизмнің астында қалатын болды.Шәлдір -шәлкем енді анық басталады,анау елдегі кәсіпкерлер мен ұлттық өндіріс қамын ойлмаған күннің өзінде.
АҚШ еуропада ракетаға қарсы жүиені орнатудан неге бас тартты?
November 30, 2009Пентагон басшысы Роберт Геитс былай мәлімдепті:”біз бұл раекеталық жүиені орналастыруды тоқтаттық,себебі оны орналастыру аса үлкен ақшаға түседі әрі осы салада жаңа технологияға,Иран атом құпиялары туралы жаңа информацияға қол жеткіздік.сондықтан еуропада,Польша мен Чехияға орнатылуға тиіс радарлар жобасы тоқтатылады”.осы мәлімдемеден соң Орыстар аспанға тымақтарын атқан болар.ал шын мәнінде Орыстар үшін кәдуілгідей ойландыратын сынақ болды.ал Нато-дағы Ресей өкілінің сөзінше жерде орналасқан РҚЖ(ракетаға қарсы жүйе) дан еуропаның жағалауларында тұрған АҚШ кемелері қауіпті әрі қажетіне қарай орын ауыстыра алады.тіпті қажет болса лезде Ресей жағалауына жете алады.сондықтан АҚШ-тың осы саладағы кез-келген қадамын өзіне қарсы бағытталған болашақ басқыншылық деп бағалайды,әрі қауіптенеді.қазір америкалықтар еуропада орналасуға тиіс РҚЖ ны кемелерге орнатты.негізі кемелерге орнатуының өзін қаржыны үнемдеу әрі жаңа лазерлік жүиенің іске қосылуымен түсіндіре отырып,бұл қадамға баруға Орыстардың еш ықпалы болмағанын дәлелдеп бағуда.Ал орыстар жағы кез-келген жағыдайда еуропаға РҚЖ орнату үшін оған Орыстардың араласыуы қажет деп санайды.сөз арасында АҚШ президенті -“біз РҚЖ құруда Ресейлік радарларды да қосуды,Ресеймен селбесе отырып жүзеге асыруымыз қажет” деп айтып қалды.ал шын мәнінде бұл мүмкін еместігін ескерсек АҚШ президенті мұны Орыстарды тыныштандыру үшін ғана айтты деп бағалауға болатын сыңайлы.осы сөзді естіген соң Д.Медведев бұл туралы келіссөздер жүргізу қажеттігін ашып айтты.бұл сөздер оған қатты ұнаған болар.әрі қуануға негіз де бар болатын.қазіргі Каспий маңындағы ресей территориясына АҚШ мамандары Орыстармен бірлесе отырып РҚЖ құраса Орыстар үшін де,АҚШ үшін де тиімді болар еді.Америкалықтар өз жүиесін орнатуға жіберген шығынды азайтар еді,ал Орыстар үшін АҚШ- тың әр қадамын анық бағуға,Каспий маңы арқылы өтетін еуропаға тартылған мұнай,газ құбарларына саяси әсер етуге тамаша мүмкіндік туар еді.ал Орыстардың қай уақыттан бері еуропаға қарсы жүргізіп отырған энергетикалық саясаты АҚШ тың көңілінен шықпайды әрі осы жағыдайдан шығу үшін жасалып жатқан қосымша энергетикалық жобаларға Орыстардаң кірігіп кетуіне әсте жол беруге болмайтынын пентагон жақсы түсініп отыр.негізі осы РҚЖ жүйесі басында қалай құрылған еді?төмендегі суреттен оның құрылымын анық көруге болады.
яғни сатылы жүйе бойынша орналасқандықтан,қарсылас жақ АҚШ жеріне өз зымыранын жеткізу үшін әлденеше тосқауылдан өтіп,Атлант мұхитының үстінен асып өтуі тиіс.енді жаңа лазерлік технологиямен жасақталған АҚШ әуе қорғанысы теңіздегі орналасатын THAAD
ракетаға қарсы ракеталық жүйесімен бірлесе отырып кез келген шабуылға қауқарлы болып отыр.онымен қоса,АҚШ тың еуропаға стратегиялық қару жарақтарды орналастырып қойып Орыстармен Грузия ойынын ойнауды жалғастыру ойы да болуы мүмкін.АҚШ бұл жобаны уақытша тоқтатқанмен,одақтас ретінде Польша мен Чехияны да назардан тыс қалдырмайтынын,болашақта-2020 жылдарға қарай еуропада РҚЖ ны толық орнатуға,АҚШ әскери базаларын бекемдеуге ұмтылатынын да жасырған жоқ.демек Орыстар үшін ерте қуануға да,босаңсыуға да жол жоқ деген сөз.ал Қазақстан үшін бұл ойындардың маңызы мен мәні қандай?Қазақстан осы жақында ғана ұжымдық келісім шарт ұйымына кіретін елдермен бірлесіп ауқымды әскери жаттығулар өткізді.мақсат біріге қимылдаудың үйлесімділігін жетілдіру,біріккен күштердің қймылын үйлестіру еді.мұнда Өзбекстан жағы кіріспеді әрі жалпы ұйым шартына өзіне сай,тиімді шарттармен енді.яғни өзбек жеріне басқыншылардан,террористерден қауіп төнген жағыдайда ғана қарулы күштерін араластыратын болды.өкінішке орай Қазақстан бұл шартқа Орыстардың арғы бергі ойын талдап жатпастан ақ бас салып кірді де кетті.егерде Орыстармен Грузия тарапы арасында тағы бір жанжал болсын,онда әскери одақтас ретінде Қазақ әскері еш қатысы жоқ Грузинге оқ атпақ.құдай сақтасын,нағыз мың шытырман ойын осында басталмақ.ар жақтан АҚШ мамандары Грузиндер үшін келеріне күмән жоқ.бәрін айтта бірін айт,бұл ұйым Орыс пен Қытай үшін ғана тиімді.екуі үшін де еуразияға АҚШ күштерінің нықтап орналасуы қауіпті.сондықтан саяси ықпалдары мен экономикалық артықшылықтарын пайдалана отырып өзгелерді осы қарсылық акциясына мәжүбірлі қатыстырмақ.шын мәнінде біздің ел үшін ТМД ның түкке қажеті жоқ,ол Орыстар үшін бұрынғы кеңестік кездегі орыс ықпалы мен мәдениетін,тілін сақтап қалу үшін қажет болып құрған ұйымы.сол ұйымның келісім шарттары арқасында Орыстар ТМД аумағында атасының төрінде жүргендей ойнақтап жүр.мысалға ТМД елдерінде визалық режим жоқ,өзгелерге бер.яғни олар бөтен.сонда баяғы бір кеңестік дәуір ықпалынан құтылатын уақыт келмеді ме?неге тек ТМД- да ғана еркін жүретін қазақ азаматтары еуропада солай жүре алмайды?сондай бір келісімге қол жеткізе алмайтындай Қазақстан үкіметі кімнен кем,кіммен жау еді?тек қана ТМД аумағында еркін экономика жасай алам деген не мақсат?әлде сол баяғыдай батыспен байланысты Орыстар арқылы тасымалдап,итшілеп күн кешпек пе?неге дамыған батыспен тікелей байланысқа түспеске?ағасынан именген бала сияқты қашанғы Орыстың қолбаласы болады Қазақтар?енді осы жерден ең басты ұғым пайда болады:Ұлттық сана.бұл санамыз толық бекуі үшін бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевтің шама шарқы жеткіліксіз.президент ұлт көшін дұрыс бастай білді,ұзақ мерзімді ұлттық даму мен жаңаруға да бағыт айқындап берді.бірақ табиғатынан кертартып өткен халықбыз,ұлықтың айтқанын ұлғайта айтып,түбірімен қопара қозғадық.кеңестік аурудан әлі айғар түріміз де жоқ.сөйтіп жүргенде әлемдік Геосаяси жағыдай жаңа бағытқа ойысты,жел бағыты өзгерді.енді замананы тез қуып жетпесек,сол қалғаннан мол қалып,қолымызда тек баяғдай мал қалмақ.біреудің қолы мен ықпалына қарап өмір сүрмей,өзіндік саяси бағыт бағдарымызды толық айқындай алатын қалге жетсек керек.бізге керегі қазақ жастарының-өзінің шынымен кім екенін,бар әлемен хабардар болып өскені қажет.
Сытник деген қатырды,билікті терең ойға батырды
November 30, 2009Михаил Сытник деген біреу regnum.ru ақпарат сайтында “ орыс тілінің пырағы және қазақ өрениетінің өгіз арбасы”деген мақала жариялапты да оған әдетте қазақ тілі десе мыңқ етпей жата беретін биліктегілер өре тұрып қарсы шығыпты.жарайсың,қазақтың ұйқысын одан әрі шайдай етіп аша бер деиміз де.қазақ айтқанда тыңдамай жатып алып енді келіп бір орыс мақала жазып еді орнынан ғарыштық жылдамдықпен атып тұрып жатыр,мәссаған!!!орнынан тұрғандардың арасында президенттің кеңесшісі Ермұхамбет Ертіспаев та бар екен.енді осы бір үлкен адамның қолынан не келер екен соны бақылайық,Контратака жасай ала ма?әзірге үрит- үрит, соқ-соқ деиміз.
Капит алитсік реализм
November 22, 2009Мен күн сайын сабақтан қайтқанда автобустың терезесіне жақын орынға жайғасып отырып,сыртқы көріністі,көшені бақылап отырып үйге жетем.жолда талай жанды жейтін дүниелерді көресің.тек үйге жеткенше әлденеше рет екі аяғы жоқ қайыр сұрап отырған кемтарларды көріп ішіңнен жаратқанға рахмет айтып,тәубе дейсің, бұл күніңе разы боласың.қазір қазақстанда капитализм.қазақта капитализм болып па еді?әркімге әр қалай,бірақ мұндай сорақы капитализм болған емес.қолын жайып қайр сұрап отырған жасы сексенді алқымдаған кәрі апалар мен олармен қатарласа отырған цығандарды көргенде ішің ашымақ тұр ғой,заманаға қаның қайнап кетеді.қазақ қазақ болғаннан бері құдайдың берген қаншама асыл қасиетін жоғалтқанын осылай базар алдынан өтіп бара жатып ақ анық көруге болады.қолына ала дорба ұстап көше кезіп шөлмек терген қазақтар,күнделікті ақшаға жұмыс істейтіндер тұратын орындағы тұратындар да тек қазақтар.арасында не бір орыс болса не дерсің?құл базарда тек қазақтың жігіттері.ал мына бір жерде кішкентай арбасын сүйреткен бір жас қазақ қыз ұсақ-түйек сатып тұр.суық күннен дір-дір етіп айналасына үміттене қарап тұрғаны.
Енді ең бір сұмдығы анау жерде:жасы бір сегіз-тоғыз шамасындағы жас қазақ баласының алдына кішкентай салмақ өлшегіш аппаратты қойып,жүресінен отырып дауыстап айқайлап отырғанын көресің.маңайында үйіліп жатқан қоқыстар.ал оның қасында заманауи Пираттар жайғасқан.ол да қазақ,үстінде қытайдың арзанқол сырткиімі,жасы шамамен 17 шамасында.қолын демімен үрлеп жылтып,заңсыз бизнесін жарқырата айқайлап тұрса оның жанында шымқанып оранып алған тәртіп сақшысы.қазіргі тілмен Суперсақшы немесе Универсалсақшы.не үшін тұр,қандай мақсатпен ол жағы мен үшін де,ол үшін де белгісіз тәрізді.қасындағы болып жатқандарға жай бір қөзқараспен қарап тұр,арасында сатылып жатқан заңсыз дискілерді алып көріп,сыртқы жапсырмасын тамашалап қояды.күлесің ба,жылайсың ба?ойлап ой түйген,елдің жанын түсінген адам үшін жылайтын жағыдай.ал мен күн сайын сол жерден өтем.күнде бір ой,қашан бір осы орында осыдан басқа жайқалған бақ немесе таза бір демалыс орнын көрем деп.ал мен үйге келіп телеарналарға үңілгенде ұлттық телеарнадан- ”Дамыған қазақстан,алдыңғы елу елдің қатарына кіру деген“сияқты кеңестік одақтан қалған құрғақ ұрандарды енжарлана отырып көресің.дамысаң мына көріністі жоққа шығара аласың ба?мына күйімізбен әлемнің алдыңғы қатарлы елу елінің қатарына қалай кірмекпіз?
Менікі жазып қою ғана қазір.
Есірткімен күрес шын жүргізіле ма?
November 22, 2009
Егер мен есірткімен күресу керек немесе есірткінің таралуына жол бермеу керек десем менікі жай бір еріккеннің ермегі болып шығар еді.яғни артық айтылған,мыңдаған мықты тұлғалардың басын қатырған сөз болып қана қалады онда.ал менің айтпағым сол айтылып,ұрандалғанның бәрі неге іске аспайды онда?турасы сол есірткіні тоқтату үшін қаншама қаржы-қаражат бөлініп жатса да бұл сұмдық ағынның тоқталатын түрі жақын арада көрінбейді?демек мұнда бір жатқан құпия бар десек жаңылыспаймыз.есірткінің орталығы болған Ауғаныстанда әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ.шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес.себебі Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқалы ауғандық талибтер қорларын толтырып,қару жарақ сатып алып НАТО-ға қарсы шайқасын жалғастырады.ал егер талибтер шайқасын тоқтатса,онда Нато-әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды.олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр.яғни,талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес,бүкіл әлемге жария етеді де Американ және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалтырып,елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз.мұндай жағыдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады.гәп мынада:қазір американ әскерлерінің қарулар сапына келіп түсіп жатқан кез-келген қару жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді,мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ.және жай ғана сынап қоймай,шын жаулармен атыста қолданылып,неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді.мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды.ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан американ зымырандары Қытай мен Ресей тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет.парсы шығананғындағы орналасқан американ әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса,ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан тең келетін ешкімнің де әскері жоқ.қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады.қазір бұл фантазия емес,тек уақыт шешімі ғана болып қалды.өйткені ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет.ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын қанымдауға жеткілікті.сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор.ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр.ану Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі.сол жанкешті террористерді дайындауға нақта бағыт пен материалдық көмек беріп,оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA).бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып,олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет.енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңістік елдеріне және сол елдер арқылы еуропаға жетеді.ал халықаралық есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады.АҚШ үшін бұл ақша тұрақта түрде айналымдағы американ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал.бұл айтылған себептер АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.ал Орыстар үшін ше?бұл есірткі таралымы Орыстар үшін де тиімді,себеп:Америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді.Орыстардың әйгілі Калашниковы Террористер үшін теңдессіз әрі кез келген брондыжелетті тесіп өте алады,ал Орыс РПГ-сы АҚШ тың Хаммерларын жаруға таптырмайтын қару.енді онда сатылатын қарулардың оқтары мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама миллиардтаған сомаға тап боласың.ал әрбір өлген АҚШ солдаты Орыстар үшін тек қана ПЛЮС болып отырады.Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып,күл парша ететін гранатаметтар жасау үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.сол баяғыша Орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады.әлі де бір-бірімен жағалау үстінде.Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны,келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер.Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтын көрінеді.Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді.бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек.ал есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс,жасырын түрде.мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып,өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған АҚШ долларымен пайда табады.сондықтан ел не демейді деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы ақша-қаражат бөліп қойып,кейін оны мың еселеп қайтарып алады.ал есірткімен күресте ең үлкен жүк емес,ең кішкентай жүк пен ұсақ ұрылар ғана қолға түседі.оларды іздеумен айналысатындар айналып келіп сол баяғы жоғарғы көкеге жұмыс істейді мыс.міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қйындай береді.ал Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр:”Астана- есірткісіз қала”.оқып тұрып іштей ғана тамсанып:Қайран ақша!
ішуден орыстардан асып кеттік!
November 22, 2009Қазір елімізде ең жас маскүнем 14 жаста.ел бойынша ішімдікке салынғандардың үлесі жалпы тұрғындардың санына шаққанда 35,5 пайызға жеткен.маскүнемдік әсіресе 21-29 жас аралығындағыларда дендеп барады.Алькоголді ішімдік ішуден қазақстан халқы әлем бойынша 8 орынға ие болыпты.мұны халықаралық зерттеу жүргізген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған.
әлемді шарпып өткен не құйын?
November 4, 2009

не құйын деисіз ғой?кәдуілгі құйыннан мүлде бөлек космостық құйын туралы айтып отырмын.жақында әлемді магниттік толқын шалып өтті.дер кезінде кім байқап,байқамағанын кім білсін!бірақ бәрі енді біліне бастады.бұрын соңды болмаған уақиғалар тіркелуде!әлемде ауру саны күрт өскен,тымау,ауру сырқау дегеннің не түрі пайда болып жатыр.климатта да күтпеген өзгерістер.Астанада көктемгі жаңбыр себелеп жатыр,жылда осы уақытта көк тайғақ болатын!ал тымаумен ауырмағандар өте аз болар,қалаларда инфекцияның таралуы өте жылдам.бұл бір жағынан біздің күн жүиесінің галактикадағы орын ауыстыруына да байланысты болар,яғни уақыт белдеуі сағат тіліне қарама қарсы айналып барады ғой.жаңа бір кезеңнің басталуы бұл!енді жаңа суықтар мен ғаламдық жылынудың небір ғаламат апаттарын әлем күтіп тұр!
осы кеденде,шекарада кім отыр?
October 28, 2009Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.Астана. 28 қазан. Жыл басынан бері шикі мұнайдың контрабандасынан келген шығын көлемі 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. “Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады”,- деді М.Жұманбай. Оның айтуынша, “мысалы, Ақтөбе облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Топтың құрамына “КНПЗ-Трейд” ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкері кірген. Бірінші саты сотымен мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айыруға “КНПЗ-Трейд” ЖШС директоры А. Ягодкин, мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға С. Ертаев, мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыруға С. Бектұрғанов және мүлкін тәркілеумен 4 жыл бас бостандығынан айыруға кедендік бекеттің қызмтекері З. Магзом сотталды. Олар ұйымдасқан топ болып, шикі мұнайды композит деп, контрабандалық жолмен шығарып, мемлекетке 558 млн 400 мың теңге залал келтірген”. Қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, “Қызылорда облысында әрбіреуі 3 жыл бас бостандығынан шартты айыруға “Сункар 777″ ЖШС директоры М. Сейсенбайұлы мен “НЭК” НоваОйл” ЖШС директоры Е. Двуреченский сотталды. Олар тиісті лицензиясыз көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса, олар құны 46 млн. 950 мың теңгенің 946 тонна шикі мұнайын контрабандалық жолмен мазут ретінде шығармақ болған. Алынған шикі мұнай мемлекет пайдасына өндірілді”. Kazakhstan Today-мынаған қарап жай ғана қалу мүмкін емес.қойды қасқырға бақтырғанның кебі ма әлде амалсыздан жұмысты атқаратын АДАМ ның жоқтығынан ба?осы жастар ел болашағы деиді де осыншама сатқындық жасап жатқандардың орнына тағы бір баяғы коммунист келеді.ол да шама шарқынша ұрлық жасауға кіріседі.жастарға жауапкершілік жүктей отырып сеніп тапсырса жастардың қолынан келмеитіні жоқ қой.мынау ақпаратқа қарасаңыз ұрлық қылып жүргендердің бәрі баяғы коммунистік тәрбиені бойына сіңіргендер,яғни құдайдың қаһары мен елдің жағдайы оларды титтеи де ойландырмайды.
Жастар жарайсыңдар!
October 12, 2009кеше астананың Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы стадионында Қазақстан-Щвеция құрамалары ойнады.қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Павел Родненок болатын.ал төрешілер:Бошко Йованетич (Сербия),қапталдағы Йовица Савия и Йован Божович(бұлар да сербтер.)айта кетерлігі стадион толған жастардың айғайы мен қолдауы құрама үшін үлкен демеу болды.ойынның 15 минутында қазақстандықтар үшін сәттіз болды,Даутов сары қағаз алды.41 минутта щвед Ольссон ескерту қағазына ие болды.екінші таймның 49 минуты:Никита Калмыков сары қағаздың иегері болды.51 ші миут Қазақстандықтар үшін ең сәтті минут туды:Шабалин гол салды,өте тамаша гол!бірақ 88 минутта щвед Алмебек қарымты гол соғып өз құрамасын жеңілістен қорғап қалды.жарайсың жастар дедік!жиналған қауым разы болып тарасты жастарға!бұрындары ылғй да жеңіле беретін едік,енді тең түсудің өзіне де қуанатын болдық,мүмкін болашақта голды аз салдық деп ренжитін шығармыз.ертең Астана орталық стадионында Қазақстан-Хорбатия құрамалары ойнайды.онда орын тіптен қалмаған екен.демек Қазақстан құрамасы үшін жанкүиерлер көп болады деген сөз.
Posted by aelaman 